Әлем

Армения президенті Чарльз ханзадаға бақ сыйлады

© AFP 2024 / Saul Loeb Принц Чарльз
Принц Чарльз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саркисянның айтуынша, Ұлыбритания ханзадасы ұзақ жылдар бойы "Ереван — махаббатым менің" жобасына көмектесіп келеді

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Армения президенті Армен Саркисян тілшілерге хабарлағандай, Ұлыбритания ханзадасы Чарльзге республика аумағында шағын бақ сыйлады.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Армения президенті Назарбаевқа телефон соқты

"Чарльз ханзада — Арменияның жақсы досы, ұзақ жылдар бойы 2010 жылы басталған "Ереван — махаббатым менің" жобасына көмектесіп келеді. Армян архитектурасының тарихын жақсы біледі, 2013 жылы мамырда Арменияны көру үшін келген. Достығымыздан бөлек, материалдық құндылық болып табылатын менің отбасыма, балаларым мен немерелеріме тиесілі шағын бақты оған сыйға тартамын", — деді президент.

Оның айтуынша, бұл Армениядағы өте кішкентай бақ. "Қайда екенін айтпаймын", — деп қалжыңдады президент.

Саркисян 1998–2000 және 2013-2018 жылдары Арменияның Ұлыбританиядағы елшісі болған.


Жаңалықтар
0