Әлем

Қытай АҚШ-тан арандатушылықты қоюды талап етті

© AP Photo / Andy WongАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайдың қорғаныс министрлігі америкалық кемелер ҚХР аумағына рұқсатсыз басып кірді деп айыптады

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Пекин Вашингтоннан суверенитет нормаларын бұзатын және Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін арандатушылық әрекеттерді тоқтатуды сұрайды, деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы "әділетсіз" сауда туралы сөз қозғады

Бұдан бұрын Қытай қорғаныс министрлігі хабарлағандай, USS Higgins эсминеці мен USS Antietam зымыранмен қаруланған крейсері жексенбі күні Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы Парасель аралдарынан 12 миль қашықтыққа өткен.

"Қытай осы әрекеттерге байланысты америкалық тарапқа қатаң наразылығын білдіреді. Біз америкалық тараптан суверенитет нормаларын бұзып, Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай арандату әрекетттерді тоқтатуды талап етеміз", — делінген Лу Канның мәлімдемесінде. 

Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының өкілі атап өткендей, ҚХР өзінің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауда тиісті шараларды атқаруды жалғастыратын болады.

Жаңалықтар
0