Әлем

Ызаланған орангутан орманды отап жатқан бульдозермен шайқасты – видео

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуОрман
Орман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы орманды жөн-жосықсыз отау қауіпті екені ескертті

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Индонезияда ызаланған орангутан өз орманын жойылып кетуден қорғай отырып, бульдозерді тоқтатпақ болды. Борнео аралында түсірілген кадрды "International Animal Rescue" жануарларды қорғау ұйымы жариялады. 

Мысық сілеусіннің баласын бауырына басты - Sputnik Қазақстан
Видео
Мысық сілеусіннің баласын бауырына басты
 

Видеода жануар орманда ағашты құлатып жатқан бульдозердің шөмішіне бас салады. Экскаватор жүргізушісі де қарап қалмай, орангутанды жерге құлатқан. Бұтақтардың арасынан әрең шыққан жануар машинаның кабинасына кірмек болады, алайда жердегі адамдар ұйықтататын найзаның көмегімен оған жол бермейді.     

The Mirror басылымының мәліметінше, ролик 2013 жылы түсірілген, алайда қоғамға енді ғана көрсетіліп отыр. Нәтижесінде халықаралық жануарларды қорғау ұйымының белсенділері орангутанды құтқарып қалған. Олар жергілікті тұрғындарға орманды жөн-жосықсыз отау қауіпті екені ескертті.    

Жаңалықтар
0