Әлем

Басы көгершінге ұқсайтын балық ауға түсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтубалық
балық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерекше балықты аулаған ер адам әуелі оны суретке түсіріп, қайта қоя берген

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қытайда балықшы басы көгершіннің басы сияқты балық аулады.

Mirror жазғандай, Қытайдың солтүстік-батысында Гуйян қалалық округінде 5 маусымда ерекше балық ауға түскен.

Кадрларға қарағанда, балық формасы жағынан тұқы типтес ақ амурға ұқсайды. Балықты ұстаған ер адам қайта суға жібере салыпты.

Бұдан бұрын АҚШ-тың Флорида штатында жергілікті фермер екі басты айдаһар жыланды тапқан болатын. Мал дәрігерлері анықтағандай, жылан екі басты, екі жүректі, екі асқазанды болып шыққан, мұндай құбылыс табиғатта өте сирек кездеседі.

Жаңалықтар
0