Қару

Ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол салды

663
(Жаңартылды 12:42 13.06.2018)
Екеуі 35 жастағы ер адамның туған балалары, екеуі – сүйіктісінің балалары

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. АҚШ-тың Орландо штатында ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Қаза тапқан балалардың жасы алтыда, 10 және 11-де, ал ең кішісі – небәрі бір жаста болған. Orlando Sentine жазғандай, екеуі ер адамның өз балалары, ал екеуі – сүйіктісінікі.

Қайғылы оқиға болардың алдында полицейлерге тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні ұстай алмады: 35 жастағы Гэри Уэйн Линдси оқ жаудыра бастапты. Салдарынан бір полицей жарақат алды.

Кейін ер адам пәтеріне тығылып, 12 сағаттан астам уақыт бойы балаларды тұтқында ұстаған.

"Пәтерге кіргенде балалардың денесін таптық, қылмыскер де өлі күйінде табылды. Қаза тапқандардың отбасының қайғысына ортақпыз", — деді Орландо полициясының басшысы Джон Майн.

663
Кілт сөздер:
өз-өзіне қол салу, қылмыскер, балалар, АҚШ