Жанат

Аспанмен таласқан ғимаратқа өрмелеген жанат ғаламтор жұлдызына айналды

48
(Жаңартылды 12:08 14.06.2018)
АҚШ халқы биік ғимаратқа өрмелеген жанаттың тағдырына алаңдап отыр

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Америкалықтарды Миннесота штатында бір тәуліктен аса зәулім ғимаратқа өрмелеген жанаттың тағдыры алаңдатады. 

Сейсенбі күні таңертең "өрмекші" жанатты жергілікті радиостанцияның тілшісі байқап қалыпты.

"Мына байғұс жанат Town Square ғимаратынан шыға алмай қалған сияқты. Көгершін ұстағысы келді ме екен. Екі күннен бері ас-сусыз отыр", — деп жазды Тим Нельсон.

​Біраз уақыттан соң Нельсон хабарлағандай, жанат қабырғамен өрмелеп, 12-ші қабатқа жеткен.

​Жанаттың тағдыры мыңдаған адамды бейжай қалдырмай, АҚШ халқы онлайн бақылап отыр. CBS телеарнасы оқиға орнынан тікелей көрсетілім бастап, оны екі жүз мыңнан астам адам тамашалаған.

Түске таман жанат біраз демалып алуды жөн көріп, 22-ші қабатқа тоқтапты. Сол кезде көрермендер шынымен алаңдай бастады.

​Сәл демін алған соң интернет жұлдызы атанған жанат тағы жоғарылай бастады.

​Интернет қолданушылары терезесі ашылмайтын ғимараттан жанатты қалай құтқаруға болатынын ойластыруда. Көпшілігі жанаттың ғимарат төбесіне жетуін тілейді.

Миннесота уақытымен кешкі онда жанат қабырғамен төмен түсе бастады. Қазір 17-ші қабатта.

Америкалықтар оқиғаның әрі қарай өрбуін бақылап отыр. Сент-Пол қаласында жанаттың атынан төрт Twitter парақшасы ашылған. Олардың бірінде автор "Үлкен қателікке бой алдырдым" деп жазып қойыпты.

48
Кілт сөздер:
жанат, жануарлар әлемі