Әлем

Трамп Желіні шулатқан суретіне қатысты пікір білдірді

© REUTERS / Bundesregierung/Jesco Denzel/G7 саммиті
G7 саммиті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дональд Трамп айтқандай, БАҚ көздерінде тарап кеткен сурет G7 саммитінің шынайы атмосферасын көрсетпейді

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада "Үлкен сегіздік" саммиті кезінде түсірілген фотоға қатысты пікір білдірді.

Фото G7 елдері басшыларының бет-әлпеттерінің арқасында әлеуметтік желіні біраз шуалтқан еді.

"Ангела Меркельмен қарым-қатынасымыз өте жақсы, бірақ өтірікші БАҚ келіссөз барысындағы нашар суреттерді жариялап, АҚШ-тың бірде-бір президенті сұрамайтын дүниені талап етіп отырғанымдай көрсетеді!" — деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

АҚШ басшысы G7 саммитіндегі жақсы шыққан суреттерді жариялады.

G7 саммиті 8-9 маусымда Квебек қаласында өткен. Бастапқыда қатысушы елдер ортақ коммюнике қабылдады деп айтылды, алайда Трамп кейінірек бұл құжатты қолдамайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0