Әлем

Әскери танк жеңіл көлікті таптап кетті – видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуТанк
Танк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белоруссияда әскери танк жеңіл көлікті басып қалған

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Белоруссияның Гродно қаласынан Сопоцкин ауылына бағытталған жолда әскери танк жеңіл көлікті басып кетті, деп хабарлайды КТК.

Әскери көліктер колоннасы қала орталығына қарай бет алмақ болып бұрылған. Өкінішке орай, алып көліктердің бірі басқаруға бағынбай, қарсы бағытта жол беріп тұрған автокөліктің үстіне шығып кетті.

Фольксвагеннің жүргізшісінің жолы болып, ешқандай зардап шеккен жоқ. Оның орындығы жазылып, жүргізуші жатып үлгерген. Бірақ көлік рөлі аяғын қысып қалыпты. Ер адамды куәгерлер босатып алған көрінеді. 

Әскерилер одан кешірім сұрап, шығынын өтеген. Жүргізушінің сөзінше әскерилер берген өтемақыға оның көңілі толады екен. Ол оқиғаның тез болғанын және қорқып та үлгермегенін айтты.

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 9 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты>>

Алматыда жол апаты кезінде қымбат көлік қақ бөлінді: жүргізуші көз жұмды>>

Жаңалықтар
0