WhatsApp

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

551
(Жаңартылды 16:46 03.07.2018)
Жаңа функция тек жеке чатта ғана емес, топтарда да болады

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. WhatsApp мессенджері Android негізіндегі құрылғылардың иелеріне басқа қолданушылар жіберген суреттерді жасыруға мүмкіндік бермек. 

Bgr.in порталының хабарлауынша, мессенджер қолданушылары телефонға келетін сурет, видео және аудиофайлдарды автоматты түрде сақтауды сөндіріп тастай алады. 

Жаңа функция топтарда да болады, бұл смартфонның жадын толтырмауға және құпиялылық деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді. 

WhatsApp басшысы қызметінен кетті>>

Бұл жаңашылдық Android v2.18.195 үшін қосымшаның бета-версиясында пайда болған. 

Айта кетейік, бүгінде WhatsApp-ты 1,5 миллиардқа жуық адам пайдаланады. 

Facebook компаниясы WhatsApp-ты 2014 жылы 21,8 миллиард долларға сатып алды. 

WhatsApp-та өміріңізді жеңілдететін үш жаңа функция пайда болды>>

551
Кілт сөздер:
қолданушы, WhatsApp
Загрузка...