Нәресте, архивтегі фото

26 жастағы келіншек үй алу үшін ұлын сатып жібермекші болған

328
(Жаңартылды 19:11 06.07.2018)
Сәбиді сатып алатын "клиентті" әйелге таныстары тауып берген

АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Украинаның Херсон облысында үй алу үшін 500 мың рубльге үш айлық сәбиін сатып жібермек болған әйел ұсталды. 

"Адам саудасымен байланысты қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне Скадовский ауданының 26 жастағы тұрғыны ұлын сатуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат түсті. Әйел сатып алушыны іздеуге өзінің таныстарын тартыпты. Олар Херсоннан баланы сатып алатын "клиент" тауып берген", — деп хабарлайды өңір полициясының баспасөз қызметі. 

РИА Новости ақпаратынша, келіншек сәбиін құжаттарымен және киімдерімен бірге сатып алушыға берген. Сондай-ақ ұлынан бас тартатыны және болашақта ешқандай талап қоймайтыны туралы қолхат та жазған. Полиция әйелді сәбиін сатқаны үшін 210 мың гривен (шамамен 2,7 миллион теңге) алып жатқан жерінен ұстады. 

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады>>

Анықталғандай, әйел бұрын істі болған және бейәлеуметтік өмір салтын ұстанған. Келіншектің айтуынша, алған ақшаға үй сатып алуды жоспарлаған.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс>>

328
Кілт сөздер:
баспана, пәтер, бала саудасы, Украина
Загрузка...