Хан Тәңірі

Қырғызстандағы тікұшақ апаты: Қазақстан альпинистерді қалай құтқарды?

75
(Жаңартылды 08:51 10.07.2018)
Хан Тәңірі шыңындағы оқыс оқиға салдарынан Жапония мен Польша азаматтары зардап шеккен

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Қырғызстанда Қазақстанның ішкі істер министрлігінің тікұшағы қатысқан құтқару операциясының анық-қанығы белгілі болды.

"Қазавиақұтқарудың" Ми-171 тікұшағына мінген төрт құтқарушы көрші елге барып, Қырғызстан әуе қорғанысының Ми-8 тікұшағы апатынан зардап шеккендерге жәрдем берді.

Бұл туралы Астанадағы брифинг барысында төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы, генерал-майор Владимир Беккер айтып берді.

Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Қырғызстан тікұшағы бортында 15 адам болыпты. Апат салдарынан алты адам зардап шекті, олардың арасында Польша мен Жапония азаматтары бар.

"15.25-те альпинистер мен экипаж мүшелері біздің тікұшақпен елді мекенге жеткізілді", — деді Беккер.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап апаттың неден болғанын білмейді және зардап шеккендердің жағдайы туралы да бейхабар.

Алматы тауында туристер құлаған тастардың астында қалып қойды

Дүйсенбі 9 шілде күні Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады. Әуе қорғанысы тікұшағы Хан Тәңірі шыңы аумағынан спортшылар тобын эвакуациялауы тиіс болатын. Алайда жерге қатты қонған тікұшақ бір қырына аударылып қалған. Апатқа қатты жел себеп болуы мүмкін.

75
Кілт сөздер:
құтқару, зардап шеккендер, апат, тікұшақ, Хан Тәңірі, Қазақстан, Қырғызстан
Загрузка...