WhatsApp мессенджері

Бойжеткен Instagram-дағы видеосы үшін ұсталды видео

326
Иран ұстанатын ислам қағидаларында қоғамдық орындарға билеуге тыйым салынған

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Иранда Instagram-да 40 мың жазылушысы бар бойжеткен билеген видеосын жариялағаны үшін ұсталған, деп жазды centralasian.org.

Таяуда Иранның мемлекеттік телеарнасыеда Маэде Ходжабри (БАҚ-тың хабарлауынша, жасы 18 не 19 шамасында) адамгершілік нормаларын бұзғанын айтып, өзгелерді өзін үлгі етпеуге шақырып, кешірім сұраған. Бұл видеода оның түрі анық емес. Бірақ дәл осындай себеппен айыпталып, ұсталған басқа адамдарды да көрсеткен.

 

 

Иран мемлекеттік телеарналарында мәжбүрлі түрде халық алдында "кінәсін мойындатып, кешірім сұрататын" оқиғалар жиі кездеседі дейді құқық қорғаушылар. Иран ұстанатын ислам қағидаларында қоғамдық орындарға билеуге тыйым салынған.

Ходжабри Instagram парақшасына батыстың поп-музыкасына билеген бірнеше видеосы мен суреттерін жариялаған. Мұнда ол ешқандай ислам дресс-кодын кимеген және шаштарын да жаппаған.

326
Кілт сөздер:
видео, Instagram, хиджаб, Иран
Загрузка...