жұмыртқа

Күніне бір жұмыртқа жесеңіз, не болатынын білесіз бе?

5922
(Жаңартылды 19:10 18.07.2018)
Тоғыз жылға созылған зерттеуге 500 мыңдай адам қатысқан

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Қытай және Британия зерттеушілері 9 жыл бойы зерттеу жүргізіп, күніне бір жұмыртқа жеу жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу тәуекелін азайтатынын анықтады.

Heart халықаралық академиялық журналында жарияланған зерттеуге сүйенсек, күніне бір жұмыртқа жеген қытайлық ересектердің жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу тәуекелі төмен болған.

Зерттеуге 30 бен 79 жас арасындағы жарты миллион адам қатысқан. Олар 9 жыл бойы қытай және ағылшын ғалымдарының бақылауында болған, деп жазады bundlehaber.com.

Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, күніне бір жұмыртқа жегендердің бұл өнімді мүлде жемегендерге қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу тәуекелі 18 процентке төмендеген. Зерттеуге қатысқандардың 13 проценті күн сайын жұмыртқа жегенін айтса, 9 пайызы мүлде жемеген. 9 жылдың ішінде 84 мың адам жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығып, соның 10 мыңы көз жұмыпты.

Тағы оқыңыз: Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы белгілі болды

"Біздің зерттеуіміз жұмыртқа жеу мен жүрек ауруларының азаюы арасында бір байланыс барын көрсетті", — дейді ғалымдар.

Алайда зерттеу нәтижесіне басқа шетелдік мамандардың көңілі толмай отыр. Олар жұмыртқаның жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы пайдасы зерттеуде нақты дәлелденбегенін алға тартуда.

Бақсы ақырзаманның қашан болатынын айтып берді

5922
Кілт сөздер:
зерттеу, ғалымдар, жұмыртқа
Тақырып бойынша
Ғалымдар бургердің ешкім күтпеген зиянын анықтады
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Ғалымдар жымиюдың тағы бір пайдасын анықтады
Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты
Италиялық ғалымдар жазылмайтын дерттің емін тапты
Загрузка...