көпқабатты үй, архив

Терезеден құлап кеткен бала 20 минут бойы19-қабаттың балконынан салбырап тұрды

542
(Жаңартылды 10:37 18.07.2018)
Күзетшілер пәтердің есігін бұзып кіріп, бүлдіршіннің өмірін құтқарды

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында әжесіне қонаққа келген 5 жасар баланы құтқарушылар ажалдан аман алып қалды.

Белгілі болғандай, 5 жасар бүлдіршін әжесіне қонаққа келген. Бала ұйқыға кеткен кезде, әйел би сабағына қатысу үшін төменгі қабатқа түседі. Ұйқысынан оянған бүлдіршін әжесін іздеп, 20-қабатта орналасқан пәтердің балконына шығады. Абайсызда төменге құлап кетіп, 19-қабаттағы балконның жақтауынан ұстап үлгерген.

Бүлдіршін 19-қабаттағы балконнан 20 минут бойы салбырап тұрған. Баланы сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам көреді, деп жазады life.ru.

"Әдетте ол мені іздесе, бірден аулаға шығады, бірақ сол жолы неге балконға барғанын білмеймін", — дейді әжесі.

Жоғарыда салбырап тұрған баланы көрген ер адам күзетшілерді көмекке шақырған. Олар 19-шы қабаттағы пәтердің есігін бұзып, баланы ажалдан аман алып қалды.

"Үйде ешкім болған жоқ, әже төменде билеп жүрді. Есік жабық болды, сондықтан оны іздеп балконға шықтым", — дейді балақай.

Астанада кілем жууға барған әйел мен екі қызы мерт болды

Ұлыма ешкім көмектеспеді — қапыда баласынан айырылған ананың жанайқайы

542
Кілт сөздер:
балкон, бала, Қытай
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті
Көкшетауда қартаң әйел төртінші қабаттан құлап кетті
Стюардесса жолаушылар ұшағынан құлап кетті
Шымкентте 8 жасар баланың үстіне бетон қоршау құлап кетті
Павлодар маңында көлік өзенге құлап, ер адам суға кетті
Загрузка...