Нәресте

Анасы ұшақтың әжетханасында сәбиінің аузына қағаз толтырып өлтірді

1044
(Жаңартылды 20:03 27.07.2018)
Жантүршігерлік жайт AirAsia India әуекомпаниясының Делиге аттанған рейсінде болған

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Үндістан астанасы Нью-Делиге қонғалы жатқан ұшақтың әжетханасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды,  деп хабарлайды Toronto Sun.

Басылымның жазуынша, Нью-Дели әуежайының дәрігерлері жасаған қорытынды бойынша сәби ұшақ бортында дүниеге келіпті.

Белгісіз дереккөз Malaysia Digest басылымына хабарлағандай, жаңа туған нәрестенің аузына әжетханаға қағазын толтырып тастаған. Ал анасы кәмелеттік жасқа толмаған көрінеді.

AirAsia әуе компаниясының мәліметіне сүйенсек, бортта болған барлық әйелден жауап алынған соң, күдікті ұсталған.

"Біз тергеу амалдарына барынша жәрдемдесіп, барлық құзырлы органдармен бірлесе жұмыс істейміз", — дейді компания өкілі.

Тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыз:

1044
Кілт сөздер:
жас ана, нәресте, тергеу, жаңа туған сәби, ұшақ, полиция, Үндістан
Загрузка...