Сирия әскері, архивтегі фото

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталатын орын аталды

4625
(Жаңартылды 12:57 05.08.2018)
Ирак пен Сирияның бір бөлігін күшпен тартып алу арқылы күрд мемлекетін құру соғыс өртін тұтандыруы мүмкін

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Әскери ғылымдар докторы, Ресей зымыран және артиллерия ғылымдары академиясы президентінің орынбасары Константин Сивков Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін негізгі орындарды тізіп шықты. Сарапшының мақаласын "Военно-промышленный курьер" газеті жариялады.  

Маманның пікірінше, әскери қақтығыстар "батыс елдері қолдау көрсетіп жатқан өңірлік қайшылықтардың шиеленісуі арқылы күшейеді".

"Ирак пен Сирияның бір бөлігін күшпен тартып алу арқылы күрд мемлекетін құру соғыс өртін тұтандыруы мүмкін", — деп болжам жасады сарапшы. 

Сивков алпауыт елдердің, мысалы Түркияның ішкі проблемалары олардың өз ішінде азаматтық соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Сарапшы "АҚШ, Израиль, НАТО елдері мен олардың Парсы шығанағы монархияларындағы одақтастары Иранға қарсы басқыншылық жасауы ықтимал" екенін де атап өтті.

"Бұл өте ауқымды жергілікті соғыс болады", — деп жазды маман. Мұндай соғыс пайда болған жағдайда сарапшы "Иран зымыран-ядролық бағдарламасын қайта қолға алады немесе ол Парсы шығанағы жетекші елдерінің бірімен, біріншіден, Сауд Арабиясымен қақтығысады" деп есептейді.

Журналистер Путиннен Үшінші дүниежүзілік соғыс туралы сұрады   

 Оның айтуынша, Йеменде соғыс жалғасады. Ал шығыста орта мерзімді болашақтағы әскери қақтығыстардың негізгі көзі Корей түбегіндегі қайшылықтар болады, даулы арал үшін Жапония мен Қытай, ал Куриль аралы үшін Жапония мен Ресей арасында ши шығады.      

4625
Кілт сөздер:
үшінші дүниежүзілік соғыс, Сирия, Ауғанстан
Тақырып бойынша
Астана әкімдігі соғыс ардагерлеріне ақшалай көмек береді
Жаһандық жылыну салдарынан Орталық Азияда соғыс болуы мүмкін – сарапшы
Солтүстік Корея: ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
Загрузка...