Анджелина Джоли , архивтегі фото

Анджелина Джоли Брэд Питті сотқа берді

108
(Жаңартылды 16:06 08.08.2018)
Танымал актрисаның адвокатының айтуынша, оның бұрынғы күйеуі Брэд Питт ортақ балаларын асырауға ақшаны толық көлемде төлегісі келмей отыр

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik.  Голливуд жұлдызы, актриса Анджелина Джоли актер Брэд Питт алиментті толық көлемде төлегісі келмей отырғанын мәлімдеп, оны сотқа берді, деп жазды РИА Новости NBC телеарнасына сілтеме жасап. 

 Анджелина Джоли мен Брэд Питт "бітіспес келіспеушіліктің" салдарынан 2016 жылы ажырасып кеткен болатын. Жұлдызды жұптың алты баласы анасымен бірге қалды. Некені бұзу процесі әлі жүріп жатыр. 

Джолидің адвокаты мәлімдегендей, Брэд Питт ажырасқалы бері балаларды асырауға ешқандай қомақты қаржы аудармаған. Қанша төлегені хабарланбай отыр.

Телеарна атап өткендей, Питке жақын адамдардың бірі актер барлық алиментті уақытылы төлеп келе жатқанын мәлімдеген.  

Әлеуметтік желідегі бір жазбасы үшін миллион доллар алатын кім?  

Сондай-ақ, TMZ порталының мәліметінше, Анджелина Джоли соттан Питпен некені бұзу процесін барынша жылдамдатуды сұраған. 


108
Кілт сөздер:
актриса, актер, алимент, Брэд Питт, Анджелина Джоли, АҚШ
Тақырып бойынша
"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек
Загрузка...