Ұшақтағы жолаушылар

Тазалықшы ұшақ әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды

654
(Жаңартылды 08:47 09.08.2018)
Полиция әуе компаниясы қызметкерлерімен бірге болған оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Нью-Йоркте тазалықшы Ла-Гуардия әуе кемесінің әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды.

Жансыз шарананы American Airlines қызметкері көріп қалыпты. Ол сейсенбі күні Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке қонған ұшақты тазалап жатқан.

РИА Новости жазғандай, әуе компаниясының өкілдері қазір полицейлермен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   

"Біз бұл қайғылы әрі шетін жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнаттық", — деп мәлімдеді American Airlines өкілі.

Әуежай өкілдері Twitter-де осы жолақпен ұшатын барлық рейстің жолаушыларына полиция тексеріс жүргізіп жатқанына байланысты ұшақтар кешігуі мүмкін екенін ескертті.    

654
Кілт сөздер:
эмбрион, әжетхана, АҚШ, Нью-Йорк
Тақырып бойынша
Шымкенттен шыққан жолаушылар ұшақта жолсерікті соққыға жықты
Жолаушылар зар еңіреп, дұға оқи бастады – ұшақта түсірілген видео
Антальядан ұшуы тиіс ұшақта қазақстандық бала есінен танып қалды
Стюардесса қарындас: Астана тұрғыны ұшақта қырындағаны үшін сотталды
Ташкент қаласындағы Минор мешіті

Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі

63
(Жаңартылды 10:23 09.07.2020)
Елді мекендер мен аймақтар арасындағы көлік қозғалысының барлық түрі шектеліп, карантин 1 тамызға дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Өзбекстанда 10 шілде мен 1 тамыз аралығында қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Республика бойынша көлік құралдарының елді мекендер мен ауыл аймақтар арасындағы қозғалысы шектеледі.

Кез-келген қоғамдық және ойын-сауық шаралары мен үйлену тойларын, туған күндерді және басқа да мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады. 65 жастан асқан қарт адамдардың қоғамдық орындарда жүруіне болмайды.

Серуендеу алаңдары, азық-түлік емес базарлар мен дүкендер, спорт залдар, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылып, жағажайлар жабылады.

Шет елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық рейстер де азаяды.

"Мұндай шаралар Өзбекстанда коронавирустың тез таралуы мен өлім-жітімнің өсуіне байланысты қабылданып отыр",– деп мәлімдеді арнайы комиссияның баспасөз қызметі.

Worldometers веб-сайтының хабарлауынша, Өзбекстанда эпидемия басталғаннан бері 11 мыңнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. 7000-нан астам науқас жазылып, 45 адам қайтыс болды.

Ал Қазақстанда 5-19 шілде аралығында қатаң карантин енгізілді. Бірақ жағдайға қарай карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

63
Кілт сөздер:
Өзбекстан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Бүгіннен бастап карантин күшейтілді: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Өзбекстан президенті Тоқаевқа қоңырау шалды
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
ЕАЭО мен Өзбекстан басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соқты 
Sputnik Эстония шеф-редакторы Елена Черышева

Черышева Sputnik Эстонияға қатысты Еуропа ұстанымы туралы айтты

33
Оның айтуынша, Еуропалық Одақтың дербес санкцияларын Ресейдің мемлекеттік БАҚ-на қатысты екенін тек эстониялық полицейлер ғана еркін түсіндіре алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Эстония билігі сөз бостандығы қағидаларын бұза отырып, Sputnik Эстония қызметін шектеуді жалғастыруда. Бұл туралы "Әлем БАҚ көзімен - 2020" атты халықаралық конференцияда басылым жетекшісі Елена Черышева айтты.

Іс-шараға Sputnik-тің америкалық және еуропалық басылымдарының өкілдері де қатысты. Сондай-ақ, конференцияда Ресей СІМ ақпарат және баспасөз департаментінің директоры Мария Захарова мен америкалық тәуелсіз журналист Ева Бартлетт және швейцариялық жазушы Ги Меттан сөз сөйледі.

Конференциядағы негізгі тақырыптардың бірі Sputnik-тің Балтық елдеріндегі өкілдіктеріне жүйелі түрде қысым көрсету туралы болды. Елена Черышеваның айтуынша, Sputnik Эстония - Балтық аймағындағы өзгеше көзқараспен күрестің айқын мысалы.

"Біз әкімшілік қысым мен экономикалық блокада, саяси цензураға ұшырап, ақыр соңында қылмыстық қудалау қаупін сездік", - деді Черышева өз сөзінде.

Елена Черышева 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері Эстониядағы Spuntik веб-сайты көп жағдайда төтенше режимде жұмыс істейтінін еске салды. Өйткені, журналистер "Ресей сегодня" ХАА-мен жұмыс істеуді жалғастырса, "Еуропалық санкцияларды сақтамау" бабы бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалатынын полиция департаменті мен республиканың шекара күзеті ескертіп, шарт қойған соң агенттік қызметкерлері жұмыстан кетуге мәжбүр болған. 

Черышева Sputnik Эстонияға қатысты Еуропаның позициясынан қорқатынын айтады.

"Брюссель үнсіз, ал бұл қылмыстық тыныштық", - деді журналист.

"Жалпы алғанда, олар Эстонияның Sputnik-ті жабу тәжірибесін зерттей бастаған басқа елдерге қол созуда", - деді Черышева.

Агенттік редакциясы қол жеткізгісі келген жалғыз нәрсе – салықтық төлемдерді жүргізуді уақытша тоқтату.

"Біз Эстония мемлекетіне салық төлеуді жалғастыра береміз", - деп түсіндірді Елена Черышева.

Журналист және саясаттанушы Армен Гаспарянның пікірінше, еуропалық құрылымдардың басылымды бұғаттауға реакциясы Балтық елдерінде сөз бостандығының жоқтығын көрсетеді.

"Батыста Sputnik Эстонияға қатысты аз ғана дауыстар естілді. Негізінде, олай болмайды. Бұл мәселеде кең ауқымды іс-әрекеттер көрінбейді", - деді Гаспарян.

Сарапшының айтуынша, еуропалық ұйымдар әңгіме ресейлік БАҚ туралы болғандықтан араласпау ұстанымын таңдаған.

"Sputnik-ті бірқатар елдерде қудалау қалыпты жағдайға айналды. Мүмкін біз сөз бостандығын дұрыс түсінбейтін шығармыз? Бәлкім, бұл терминге сөз бостандығы дегеніміз – кез-келген шындықты ескермеу керек деген толықтырулар енгізу керек шығар? ", - деп сауал тастады Гаспарян.

Гаспарянның бұл сөзін Франциядағы Sputnik редакциясы да растайды. Олар президенттік пулға әлі тіркелмегендіктен Елисей сарайына бара алмайды. Бұл туралы агенттік өкілі Марья Липатова атап өтті.

Оқи отырыңыз: Мәскеуде Sputnik Эстония қызметкерлерін қолдау мақсатында акция өтті - ВИДЕО

Сонымен қатар Марья Липатова агенттік ресейлік саясаткерлердің сөздерін француз тіліндегі аудармасымен жариялап жатса да, Sputnik Франция үнемі жалған жаңалықтар таратады деп айыпталып отыратынын еске салды. 

Айта кетейік, "Әлем БАҚ көзімен - 2020" конференциясы Ресей мен әлемдегі журналистиканың қазіргі жағдайын талдауға арналған алаң. Конференция Russia Today халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында 7 шілдеде коронавирустық пандемияға байланысты онлайн форматта өтті.

33
Дәрі-дәрмек

Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

0
Министрдің айтуынша, жоғары температурада антибиотиктерді қабылдағанда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйренеді. Салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктерді алдын ала қабылдамау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үйде емделетіндердің көбісі бірден антибиотик ішуді бастайды. Бұл – үлкен қателік. Олай істеген дұрыс емес. Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп немесе үш күн бойы жоғары температура түспесе, қызуды басатын дәрілерді қабылдаған дұрыс, сан алуан шөптерді ішуге болады. Суды көбірек ішіңіз", – деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, антибиотиктердің кері әсері қатты. Ал ең бастысы, дүрбелеңге салынбау қажет.

"Қызуды басатын дәрілерді де тек 38 градустық температура болса ғана ішу керек. Оған дейін адамның ағзасы вирустармен және бактериялармен өзі күреседі, Негізі, жоғары температура болмаса, иммунитет ауруды өзі жеңе алады. Ал антибиотиктерді тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдау қажет", – деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр антибиотиктердің кері әсеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, адамдар жоғары температура болмаса да, антибиотиктерді қабылдауды бастайды. Ондайда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйреніп қалады. Соның салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

"Бүгінде біз арнайы нұсқаулықтарды әзірледік. Оны министрліктің ресми сайтынан табуға болады. Сол жерде амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу тәртібі жазылған. Міне, осы ақпаратты пайдалану қажет", – деді Цой.

0
Кілт сөздер:
емделу, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді