Балапандар

Айдалаға тасталған жұмыртқалардан балапандар жарып шықты

722
(Жаңартылды 20:35 10.08.2018)
Қызық жайт Беларусь елінде болған: жергілікті құс фабрикасы далаға тастаған жұмыртқалардан балапандар жарып шыға бастапты

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Беларусьтағы ең ірі құс фабрикасы бір партия жұмыртқаны жарамсыз деп далаға тастаған. Алайда кейбірінен балапандар жарып шыға бастапты.

Жұмыртқаны "1-я Минская птицефабрика" ААҚ далаға шығарып тастаған. Инкубациялық кезең өткен соң, балапан жарып шықпаcа, жұмыртқалар қоқысқа жіберіледі. Әдетте жарамсыз партия салынған контейнерді қоқыстарды жоятын зауытқа апарады екен, бірақ бұл жолы тәртіп бұзылып, жұмыртқаны далаға тастапты, — деп хабарлайды ОНТ беларус арнасы.

Аталған оқиға бойынша құс фабрикасы мәселенің анық-қанығына жетуге уәде берді.

Қазақстан Ресейден құс өнімін әкелуге тыйым салды

Қалған жұмыртқалар жойылды, ал қайырымды жергілікті тұрғындар 20-дан астам балапанға су беріп, жәрдемдесіпті.

Дәл осындай жайт біраз бұрын Марнеули грузин қаласында болған еді. Онда да құс фабрикасы бірнеше жүз тауық жұмыртқасын далаға тастап, нәтижесінде біраз күн өткен соң балапандар пайда болған. Жан-жаққа бытырап тарап жатқан сары шөжелерді куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.

722
Кілт сөздер:
әлемде, құстар, балапандар, жұмыртқа, Беларусь
Тақырып бойынша
Қазақстан Қырғызстанға жұмыртқа экспорттаған жоқ – АШМ
Атырау тұрғыны табаны күнге қыздырып, жұмыртқа қуырды
Шымкентте қызып тұрған асфальтқа жұмыртқа қуырды
Алматыда тауық еті мен жұмыртқа тиелген жүк көлігі аударылып қалды
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

12
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

12
Зертхана қызметкері

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ресми атауы жарияланды

56
Жаңа вакцина әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер еткендіктен, оған "Спутник V" атауы берілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. 1957 жылы алғаш ұшырылған жасанды Жер серігіне ұқсастығына байланысты коронавирусқа қарсы тіркелген әлемдегі алғашқы вакцина "Спутник V" деп аталды, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

"Спутник-1" әлем бойынша ғарыштық зерттеу белсенділігін арттырды. Ресейлік COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина да әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер етті. Сондықтан да осындай салыстыру вакцинаға "Спутник V" атауын берді, делінген вакцина атауына қатысты таратылған хабарламада.

Вакцинаны тіркеу 11 тамызда өтті. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, оның қыздарының бірі жаңа вакцинаның әсерін бастан өткерген.

Вакцина қалай жасалды

Коронавирусқа қарсы вакцина Гамалея атындағы орталықта жасалды. 18 маусымда басталған оның клиникалық сынақтары екі айдан аз уақытқа созылды. COVID-19-ге қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырып, сынап көрді. Экспериментке қатысушыларға жүргізілген зерттеу нәтижелері иммунитеттің дамығанын көрсеткен.

Алайда, вакцинаны жасаушылар бұл барлық адамдарға жарай бермейтінін ескертеді. Өйткені, созылмалы аурулары бар адамдарда бұл кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Екпе салдырған Путиннің қызының жағдайы қалай екені айтылды

Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

56
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанын хабарлады
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Батыс COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу жарысында артта қалып келеді