Вьетнамдағы алтын көпір, архивтегі сурет

Селфи жасамақ болған турист көпірді құлатты

695
(Жаңартылды 12:29 20.08.2018)
Көпір үстінде тұрған 10 адам суға құлап кетті

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Хунань провинциясы Дунцзянху су қоймасы ауданындағы көпір селфи жасамақ болған туристің әрекеті салдарынан құлап кетті. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды. 

Оқыс жағдайға кінәлі азамат суретке түсу үшін адамдарды көпірдің екінші жағына өткізбей қойған. Салдарынан көпір адамдардың салмағын көтере алмай үзіліп, 10 турист суға құлайды. Олардың ішінде төртеуі жеңіл жарақат алған.

35 жастағы қазақстандық әйел селфи жасаймын деп қайтыс болды

Жергілікті биліктің түсіндіруінше, турист көпірдің жіңішке жерінде тұрып қалған. Экстремалды жағдайларда селфи жасаудың арты осындай оқыс жағдайларға жиі ұласады. 10 тамыз күні 22 жастағы Архангельск тұрғынын аю талап, ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жас жігіт қала көшелерінің бірінде кездестірген аюмен селфи жасамақ болған екен. Сондай-ақ, шілде айының соңында 16 жастағы жасөспірім қыз америкалық Конро штатында қарумен селфи жасаймын деп қайтыс болған еді.

695
Кілт сөздер:
селфи, туристер, қытай
Тақырып бойынша
Фотодерек: Астананың жаңа көпірінде мыңдаған адам селфи жасады
Астанадағы шыршаға әлемнің түпкір-түпкірінен селфи-құттықтау жіберуге болады
Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірім тоққа түсті
Павлодарда тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығып селфи жасаған жасөспірімдер ұсталды
Полицей көлігінің үстіне шығып, селфи жасаған павлодарлық қамауға алынды
Қарағанды облысында браконьерлер жаралы арқармен селфи жасаған
Флешмоб

Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?

13
Атауын өзгерту, ТМД елдері студенттері үшін квота санын көбейту, танымал әртістермен жұмыс – бұл агенттіктің жаңа стратегиясының бір бөлігі ғана

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik, Данара Құрманова. "Россотрудничество" агенттігінің жетекшісі болып мемлекеттік дума депутаты, тележурналист Евгений Примаковтың тағайындалғаны осы жылдың маусым айының аяғында белгілі болған еді. Қызметіне кіріскен сәтте-ақ, Примаков мекемеде үлкен өзгерістер болатынын уәде еткен-ді. Бірақ жай-жапсарын 11 тамызда өткен онлайн-дәріс кезінде ғана айтты.

Sputnik агенттіктің жаңа бағдарламасының ең маңызды тұстарын ұсынады.

"Жұмсақ күшке жол жоқ"

Ең алдымен, "Россотрудничество" жаңа басшысы агенттік серіктестерінен "жұмсақ күш" терминінен бас тартуды сұрады. Бұған түбегейлі қарсы екенін жеткізген ол:

"Әуелден бастап  Россотрудничество агенттігін құрудағы мақсат – күш қолдану емес, халықаралық жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз ету. Ұйым мәдениетке және білімге бағытталған бағдарламалар арқылы Ресейдің және серіктес мемлекеттердің дамуына алғышарт жасауға мүдделі", - деді.

Сондай-ақ, Примаковтың сөзінше, Россотрудничество алдағы уақытта гуманитарлық араласу идеясынан бас тартады.

"Бұл ескі тұжырым, - деп түсіндірді ол. – Біз гуманитарлық араласу идеясынан гумантиралық ықпал етуге көшетін боламыз. Бұл өз кезегінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі".

Жаңа тұжырымдаманың нақты мысалы ретінде Бейруттегі трагедияны келтірді. Агенттік алғаш рет зардап шеккендерге дәрігерлер жіберуге қатысты. Примаков бұл акцияның символдық мәні бар екенін, дәл осындай акциялар шетелдің Ресейге достық ниетпен қарауына әсер ететінін айтты.

Нон-стоп режиміндегі жұмыс

Евгений Примаков ашық дәрісін өткізбес бұрын 1 ай бойы Россотрудничество жұмысын зерттеп, нәтижесінде агенттікті реформалауды орыс клубтарынан бастаған жөн деген қорытындыға келген.

"Олар іс-шаралар кезінде ғана емес, үнемі жұмыс істеуі керек. Яғни, қатысушылар кез келген уақытта кездесіп, бір-бірімен араласып, болмаса кітап оқи алатындай болуы қажет. Бұл шетелдегі орталықтар Ресеймен қарым-қатынаста болғысы келетін адамдар үшін жасалып отырған жоқ па?".

Примаковтың пікірінше, әрбір клубтың жұмысы тек жастарға ғана емес, ересек адамадарға да лайықталып ұйымдастырылуы керек.

"Бізге тек шәй ішумен ғана шектелетін іс-шаралар қажет емес", - деген Евгений Примаков агенттік қызметкерлерін "Орыс музыкасы күні", "Орыс тұшпарасы күні" іспетті идеялардан аулақ болуға шақырды.

Евгений Примаков младший
© Sputnik / Илья Питалев
Евгений Примаков

Бірақ, орыс клубтарының жұмыс режимін өзгертуде бір түйткіл бар. Көптеген орыс орталығы РФ елшіліктерінің ғимаратында орналасқан. Кіріп-шыққанда қиындық туындайды.

"Сондықтан жұмысты жаңа жүйені енгізуге мүмкіндігі бар орталықтардан бастайтын боламыз",  - деді Примаков.

Танымал адамдар тартылады

Россотрудничество агенттігіне тыңғылықты продюсерлік жұмыс қажет. Агенттіктің негізгі аудиториясы – жастар, ал жастарды заманауи музыка, кітаптар, фильмдер, сериалдар сияқты поп-мәдениет салалары қызықтырады.  Осылайша, болашақ студенттер орыс мәдениетіне қызығушылық танытуы мүмкін, деп есептейді Евгений Примаков.

"Шекспир шығармаларының түпнұсқасын оқу үшін ағылшын тілін үйрене бастағандар аз, бірақ мұндай адамдар бар, - деді агенттік жетекшісі. – Қазіргі  жастар үшін тіл – әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктің қайнар көзі".

Осыған байланысты, Россотрудничество шетелдегі іс-шараларға танымал әртістерді шақыру керек, деді Примаков.

"Шағын ғана өнер ұйымдарынан бөлек, үнемі ел аузында жүретін әртістерді тарту керек", - деді ол.

Жаңа атау

"Россотрудничество" деген атау да заманауи емес, орыс тілін еркін меңгермеген адам үшін түсініксіздеу. Сондықтан агенттікке ребрендинг қажет. Әрі мекеменің ғана емес, ресейлік ғылым және өнер орталықтарының (РЦНК) да атауын өзгерту керек.

"РЦНК – "Россотрудничество" сияқты өте ауыр аббревиатура. Шетелдіктер үшін бұл өте қиын сөз", - дейді Примаков.

Мекеме "ТМД, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық әріптестік істері бойынша федералдық агенттік" деген ресми атауын сақтап қалады. Тек сыртқы брендын ғана орыстілді емес аудитория үшін өзгерту керек. Агенттіктің атауын өзгерту қажетсіз шығындарға алып келеді. Ал, бұл қаржыны басқа пайдалы дүниеге жұмсауға болады, деп есептейді Примаков.

Қорыта айтқанда, Примаков стратегиясының басты факторы ұтымдылық пен экономия секілді. Ол жаңа аббревиатураны әзірлеу үшін бренд-менеджерлерді жалдауды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына ашық конкурс өткізбек. Сөйтіп, Россотрудничество арқылы ресейлік университеттерге оқуға түскен студенттер агенттіктің жаңа атауын ойлап табады.

ТМД аумағындағы жұмыс

Дәріс соңында Евгений Примаков "Россотрудничество" жаңа жобалармен айналысса да, ресейлік білімді алға ілгерілетуге үлес қосатынына сендірді.

"РФ президентінің жарлығына сәйкес, алдағы бірнеше жылда шетелдік студенттерді тегін оқыту квотасы 2 есе көбейеді. Қазір олардың жалпы саны 15 мыңды құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге, агенттік Ресей және орыс тілімен байланысты білім беру жобаларын қолдауға ұмтылып отыр. Ол ірі университеттің немесе шағын ғана балабақшаның жобасы болуы мүмкін.

Бұдан бөлек,  Россотрудничество аналитикаға көбірек көңіл бөлмек. Бұл жастардың қызығушылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл үшін агенттік өз сайтын түбегейлі өзгертпек.

13
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

32
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

32
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

0
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды