Разряд молнии над заливом в Монтевидео (Уругвай)

Жаяу жүргінші жай түсіп жүрегі тоқтаған баланы құтқарып қалды

355
(Жаңартылды 13:37 20.08.2018)
Бала үш күн есін жоғалтып, кейін басынан өткен жағдайды толықтай айтып берген

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. АҚШ-та басына найзағай түсіп аман қалған жасөспірім өзінің денсаулығы туралы АВС арнасына берген сұхбатында баяндап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 8 тамыз күні Аризона штатында болған. Найзағай түскен сәтте 13 жасар Джозая Видмэн досымен бірге серуендеп жүрген. Жасын соққысы оны үш метр жерге лақтырып, жүрегінің тоқтап қалуына себеп болған.

Қостанайда жай түскен 8 жасар қыздың жағдайы қалай

Жасөспірімді кездейсоқ жүргінші жүрегіне массаж жасау арқылы құтқарып қалған. Көп ұзамай Джозайды жедел жәрдем көлігі келіп алып кетеді. Дәрігерлер жасөспірімнің жүрегі ғана тоқтап қалмай, бас сүйегі сынып, терісі күйіп, біраз уақытқа жадын жоғалтып алғанын айтады.

уруханада үш күннен кейін ояндым. Кенет денем қатты қызып, кейін ешнәрсе сезбей қалғаным ғана есімде", — дейді Джозая.

Ол өзін сол сәтте қолында болған скейтборд құтқарды деген пікірде. Жасөспірім осы тақта найзағайды жерге қарай бағыттағанына сенімді.

Басына найзағай түскен малшы жансақтау бөлімінде жатыр

Мұндай жағдайда көптеген адам тірі қалса да, олар өмір бойы жүрек ауруларынан айыға алмай келеді.

 

355
Кілт сөздер:
адам өмірі, найзағай, жасөспірім, сұхбат, аурухана, АҚШ
Тақырып бойынша
Жанып кеткен көліктің ішінде болған қыз тірі қалды
Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатар жүкті болып қалды
Шымкентте қала қонағы банкоматтан шешіп алған ақшасынан айырылып қалды
Екі адам алып ағаштың астында қалды: жантүршігерлік оқиғаның суреттері жарияланды
Аю көлікке мініп, ұйықтап қалды – күлкілі видео
Бензин тасымалдаушы көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалды
Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды
Загрузка...