Әлем

Батумиде қазақстандықтарды қонақүйден шығарып жатыр

© Sputnik / Денис Асланов / Медиабанкке өтуҚонақүй
Қонақүй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Былтыр осы қонақүйде өрт болып, 11 адам өлген

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Батумидегі қымбат қонақүйден шығарылып жатқан туристердің ішінде қазақстандықтар да бар болып шықты. 300 демалушы сот шешіміне бола өздері ақшасын төлеп қойған қонақүйден шығып кетуге мәжбүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте айыппұл тұрағындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте алапат өрт 45 көлікті жойып жіберді

Қонақүй әлі күнге дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай келеді. Осының салдарынан былтырғыдай алапат өрт қайталануы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, былтыр 11 адам қайтыс болған еді. Қымбат қонақүй Батумидің қақ ортасында орналасқан. Жұрт таңнан бері әбігерге салынып жүр. Қоныстанған қонақтар мен қызметкерлер асығыс заттарын жинастырып жүр. Сот шешімі бойынша, аталған қонақүйдің жұмысы белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды.

"Біз не болып жатқанын және неліктен қонақүйден кетуіміз керектігін білмейміз. Біз бес күнге бөлме жалдап қойған едік. Бізді неліктен шығарып жатқандарын білмеймін айтуларынша, бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып отыр. Бізді қашан және қайда орналастыратындарын білмейміз. Бірақ, бүгін кешке дейін бұл жерден кетуіміз керек екен", — дейді қонақүй тұрғыны.

Өрттен 48 адамның өмірін құтқарған қазақстандықтың өмірі қалай өзгерді

Мамандардың айтуынша, қонақүйдің жабылуының басты себебі — бөлмені түтіннен тазалайтын жүйенің жоқтығы. Сол себепті, өрт болған жағдайда адамдар сыртқа шыға алмай өліп кетулері мүмкін. Мұндай оқыс жағдай өткен жылдың 24 қарашасында болған еді. Өрт жылдам таралып, 11 адам өліп кетті.

"Біз қонақүй иелерімен байланыстамыз. Оларға бұл мәселені шешуге көмектесуге әзірміз. Қажетінше уақыт беріп, қандай да бір кеңестерімізбен бөлісуге әзірміз. Бірақ, дәл қазір қонақтардың өміріне 1 процент болсы қауіп барда қонақүй жұмысын жалғастырмайды", — дейді ТЖ қызметкері Леван Маисурадзе.

Науқас - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Менингиттен қайтыс болған өрт сөндіруші ауруханаға жатудан бас тартқан - дәрігерлер

Қонақүй әкімшілігі соттың шешімі туралы шілде айында білген. Алайда менеджерлер клиент қабылдауды жалғастыра берген. Кейін бұл іске жергілікті туризм Департаменті араласқан. Оның қызметкерлері бұл қонақүйдегілердің басқа жерлерге көшірілуі үшін барлығын жасап жатыр. Олардың айтуынша, бұл факт мемлекеттің имиджіне еш нұқсан келтірмейді.

Алматыда ірі базары өртенді

Жаңалықтар
0