Әлем

Түркия тұрғындары АҚШ долларларын өртеп, гаджеттерін сындырды

© AFP 2024 / Yasin Akgul Доллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1834 жылы Генрих Гейне "Кітаптар өртеген жерде ақырында адамдарды да өртей бастайды" деп жазды. Араға жүз жыл салып бұл осы сентенциямен расталып отыр

АСТАНА, 20 тамыз  Sputnik. Бүгін Түркия халқы АҚШ долларларын өртеп, гаджеттерді сындырып жатыр. Ал ресейліктер Еуропадан келген азық-түлік тағамдарды жаппай қоқысқа тастады. Бұл не? Шоу ма, ксенофобия ма?

Түркия мен Ресейде өздеріне ұнамайтындарға көзқарастары қандай екендерін осылай білдіреді. Жігітше деп айтуға болады. Ақыл-есі дұрыс, мәдениетті адамдар өздерінің қарсылықтарын басқаша білдіреді. Санкциялар мен шектеулерге жауап ретінде оларға қатысты экономикалық және саяси шаралар қолданылады. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Әлем
Түркия президенті кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді

Еуропада ешкім Дональд Трамптың шараларына қарсылық ретінде доллар өртеп, гаджеттерді сындырып көрмеген. Осы орайда Түркия мен Ресей лидерлері Реджеп Эрдоған мен Владимир Путин мұндай жағдайда популистикалық шоу жасап, ксенофобияға ұласқан парад ұйымдастырды.

Бұл мемлекеттерде дұшпанның образы құрастырылып, қауіп-қатер алдында халық бірігіп жатыр. Нәтижесінде Эрдоған мен Путин ұйымдастырған кампаниялар ұлтаралық шиеленістің тууымен аяқталды. Кітап, доллар, азық-түлік өртеп, айфондарды сындыруда арада еш айырмашылық жоқ. Екіншісінің де, үшіншісінің де құндылығы адамның қолынан шыққан өнім болуында. Сондай-ақ, қалай десек те, доллар экономикалық және ғылыми табыстардың символы іспеттес болып отыр.

Қылмыскерлер Түркиядағы АҚШ елшілігіне оқ жаудырды

Бұл жағдайда адам қолынан шыққанды (кітап, зат, гаджет, азық-түлік) өртеу өздігінен қылмыс болып саналады. Бұл жасампаз гомо сапинес табиғатына қарсылық танытумен бір.

Адамзаттың жануарлардан басты ерекшелігі  бірнәрсе жасай алатындығында. Сол себепті адамның қолынан шыққан затты өртеп, сындыру — нағыз хайуандық. Мұндайларға адамдар жасаған заттар да, адамдардың өздері де еш құнсыз болып көрінеді.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
АҚШ: газ құбыры туралы жемқорлық іске қазақстандық шенеуніктің қатысы бар

1834 жылы Генрих Гейне "Кітаптар өртеген жерде ақырында адамдарды да өртей бастайды" деп жазды. Араға жүз жыл салып бұл осы сентенциямен расталып отыр. Германияға келген ұлтшылдар алдымен 20 мың "дұрыс емес" кітапты, кейін крематоридегі "дұрыс емес" адамдарды өртей бастаған еді.

Трамп парик киетіндерге сайлауға түспеуге кеңес берді

Сол себепті, Генрих Гейненің адамзаттың еңбегі өртенген жерде артынша оларды да өрти бастайды деген формуласы шындыққа сәйкес келсе, мен қатты таңғалмайтын боламын.

Сергей Дуванов  колумнист

Жаңалықтар
0