Құрбан Айт

Құрбан айтқа мол дастархан жайғандарға айыппұл салынады

940
(Жаңартылды 18:21 21.08.2018)
Биыл Тәжікстанда билік Құрбан айтқа жайылған дастарханды қатаң бақылайтын болады

АСТАНА, 20 тамыз  Sputnik. Мерекеге арнап жайылан дастарханның көлемі 1х1,5 метрден аспауы тиіс. Сондай-ақ, дастарханға жеміс-жидек, бірнеше мерекелік тағам және кептірілген жемістер қойылса жеткілікті. Бұл ережені бұзғандар 5 000 сом (535 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан

"Рейд барысында жайылған дастарханның халық қалтасына ауыр болмауы қадағаланады",  дейді комитет баспасөз қызметінің өкілі Афшин Муким.

Құрбан айт — әлемдегі мұсылман қауымының ең қасиетті де, айтулы мерекесі. Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды

Меккеде қатты дауыл болды

Дәстүрге сай, мерекеде ер азаматтар мешітке барып намаз оқиды, кейін құрбандық шалады. Салт-жоралғының басты мақсаты қатыгездік емес, қайырымдылық. Адам өзіне құрбандық малының етін қалдырмай, оның бәрін көршілеріне таратады.

940
Кілт сөздер:
мұсылман күнтізбесі, діни күнтізбе, ислам діні, құрбан айт, мереке, мешіт, намаз, Тәжікстан
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Тақырып бойынша
Діни басқарма Қазақстандағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады
Құрбан айт 2019: мереке жайлы не білуіміз керек?
Елбасы: Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың мейрамы
Қазақстанда Құрбан айт мерекесін қалай атап өтеді
Құрбан айт: "Қуанса, бала қуансын"
Құрбан айт: Астанада құрбандық шалуға қай жерлерде рұқсат етілген?
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

1629
(Жаңартылды 15:33 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

1629
Кілт сөздер:
қақтығыс
Дональд Трамп

Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды саясаттанушы

42
Америкалық сенаторлар Алексей Навальныйға қатысты оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын енгізді. "Sputnik" радиосының эфирінде саясаттанушы Владимир Можегов осы жайында пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Америкалық бір топ сенатор Алексей Навальный төңірегіндегі оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын ұсынды, деп жазды республикашыл-сенатор Марко Рубионың сайты.

Бұл құжат "халықаралық құқықты ашық бұзуға", сондай-ақ, Навальныйдың "улануына" қатысы бар Ресейдің ресми азаматтарына шектеу шараларын егізуді көздейді.

Заң жобасы америкалық биліктен Ресей президенті Владимир Путин мен оның айналасындағылардың қаржысына қатысты не білетіні туралы конгресс алдында есеп беруін талап етеді. Сонымен қатар, ол Ақ үйді "Ресей химиялық және биологиялық қаруды жоятын АҚШ заңдарын бұзды ма? " деген сауалға жауап беруге міндеттейді.

Марко Рубиодан бөлек, құжатты республикашыл-сенатор Митт Ромни, демократтар Крис Кунс, Бен Кардин және Крис Ван Холлен мақұлдады.

Енді заң жобасын қабылдау үшін сенат пен өкілдер палатасы қолдап, АҚШ президенті қол қоюы тиіс.

"Sputnik" радиосының эфирінде Владимир Можегов сенаторлар бастамасына қатысты пікір білдірді.

"Бұл таза қоғамдық жұмыс. Бұл жерде қандай мәселе болуы мүмкін? Тіпті қисынға келмейтін дүние. Мұның бәрі кедейлердің пайдасына, сайлау алдындағы науқанды ушықтыруға қатысты әңгімеге келіп тіреледі. Ал Навальный туралы іс демократтардың күн тәртібінде тұр. Республикашылдар бұл мәселеге барынша немқұрайлылық танытып отыр. Менің ойымша, олар алдағы уақытта да бұл әңгімеге араласпайды. Трамптың өзі бұл жәйтті алыстан мұқият орағытып алып келді. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео оқиғаға қатысты барлық факті толық анықталған кезде ғана реакция таныту қажеттігін, ал қазір жағдайдың қалай өрбитіні түсініксіз екенін атап өтті", - деді Владимир Можегов.

Оның пікірінше, америкалықтардың немістерден Навальный туралы мәлімет алуына мүмкіндігі бар. Алайда олар ешқандай сауал жібермеген.

"Ол санкция салуға қандай да бір негіз болар еді. Бұл бұлыңғыр оқиға болғандықтан, Трамп оның тереңіне үңілгісі, демократтардың арбауына түскісі келмейді. Демократтар бұл тақырыпты күн тәртібіне батыл қояды, ал Трамп одан өзін алшақ ұстары сөзсіз", - деп есептейді саясаттанушы.

20 тамызда ұшақта Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлағандықтан, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер қандағы қант деңгейінің күрт түсіп кетуінен зат алмасу жүйесінің бұзылғанын мәлімдеді. Оған не түрткі болғаны әлі белгісіз, алайда Навальныйдың қаны мен зәрінен у табылған жоқ.

Кейінірек ол Германияға жеткізілді. Қыркүйек айының басында неміс үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" химиялық затынан уланғанын мәлімдеді. Мәскеу Берлин зертханасынан талдау нәтижесіне қатысты анықтаманы сұратқан болатын. Бірақ неміс тарапы үнсіз.

BND неміс барлау қызметінің 1990-шы жылдан бастап "Новичокқа" қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оны батыстың 20-ға тарта мемлекеті, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Чехия елдері де зерттеген.

Ресей президенттің 1992 жылғы жарлығына сәйкес, химиялық қару саласындағы зерттеуін тоқтатып, 2017 жылы осындай заттардың қорын толықтай жойып жіберген еді. Мұны химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым растады.

42
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

3
Қазақстан Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалдың өршуіне өз алаңдаушылығын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды тұрақтандырып, күш қолданудан бас тарту және келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңында келіссөздер жүргізу арқылы туындаған жанжалды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын.

"Қазақстан АӨСШК-нің (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Sputnik) қазіргі төрағасы ретінде сенім шаралары пакетін қолдануды ұсынамыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Қазақ тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қарабақ Әзербайжаннан "әуе және ракеталық шабуылдарға ұшыраған".

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян әскери жағдай енгізді. Армения да әскери жағдай енгізіп, елде жалпы жұмылдыру жариялады. Ал Әзербайжан басшысы әзірге елде жалпы жұмылдыру қажет емес деп мәлімдеді.

3
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери билетті беру тәртібі өзгереді
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді
Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді