Әлем

Ұйқысы қанбай жүретін адамның семіздікке шалдығатыны анықталды

CC0 / / ер адам
ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды түні бойы ұйықтамай отыруға мәжбүрледі

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Адам аз ұйықтағанда терісінде биологиялық зат алмасу процесі айтарлықтай бұзылады. Сондай-ақ, бұлшық еттер дұрыс қозғалмай, ағзада артық май жиналады. Бұл туралы швециялық Уппсаль университетінің ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар жымиюдың тағы бір пайдасын анықтады

Швед ғалымдардың жұмысы бұрын-соңды жасалмаған анализге арналады. Ғалымдар аз ұйықтаған адамның терісін молекулалық деңгейде зерттеген. Экспериментке жалпы дені сау 15 адам қатысқан. Оларға дұрыс тамақтанып, университет зертханасында бір күн қонып, толыққанды 8 сағат ұйықтау ұсынылды. Ал келесі күні оларға түнде ұйықтауға тыйым салынады. Екі күннен кейін олардан тері асты майы мен қаңқа бұлшық етінің үлгілері алынды. Себебі, осылар қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдардың ағзасында биологиялық зат алмасудың қандай деңгейде жүріп жатқанын көрсетеді. Мұнымен қатар, экспериментке қатысушылардан метаболизмге қатысты әртүрлі факторды талдау үшін қан алған. Молекулалық деңгейдегі анализ түнгі ұйқының бұзылуы ағзада көп процесті өзгертетінін көрсетті. 

Тағы оқыңыз: Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?

"Жаңа зерттеу жұмысы ұйқы аздығы геномның көптеген бөлігінде ДНҚ-ның модефикациялануын өзгертетінін дәлелдеді", — дейді зерттеу авторларының бірі Йонатан Седернес. 

Жұмыс үстелі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді

Оның айтуынша, анализ адамның ұйқысы қанбаған кезде тері қабатының майды өзінде сақтап қалуға тырысатынын дәлелдеді. Осы кезде бұлшық ет үздіксіз қозғалыста болатын қан құрамындағы қантты қолдана алмай қиналады. Ғалымдар осы өзгерістердің барлығы ақырында адамды семіздікке және диабеттің екінші түріне шалдықтыратынын айтады. 

Мамандар бір түндік эксперименттен алған зерттеулерінің қорытындысын өзге де тәжірибелермен растай түспек. Сондай-ақ, олар дұрыс ұйқы, диета мен жаттығулардың ағзадағы зат алмасуларды қаншалықты қалып келтіре алатынын анықтауды көздеп отыр. Ал зерттеу жұмысы Science Advances атты ғылыми журналда жарияланған. 

Жаңалықтар
0