Қалыңдық

Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды

926
Жас әйел аяғын сындырғанын білмей, той біткенше билей берген. Дәрігерлерге ертесінде бір-ақ қаралыпты

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Британдық қалыңдық Линдси Хендерсон той үстінде билеймін деп аяғын сындырып алды.

Бирмингемдегі той кезінде 90-шы жылдардағы әнге қалыңдықтың беріліп кеткені сонша, аяғын сындырып алғанын сезбеген, деп хабарлайды Sputnik The Sun басылымына сілтеме жасап.

30 жастағы әйел сүйікті әнін естігенде, сабыр сақтап тұра алмай, бидің түбін түсіреді. Қатты секіріп жүргенде, аяғын қисық басып алса керек. Жарақатын байқамаған ол бұдан кейін тағы алты әнге тоқтаусыз би билейді. Той қызығы бітпей, түнгі екіге дейін ұласыпты.

Қалыңдық ертесінде ғана аяғын ауырсынып, дәрігерлерге қаралған. Медициналық мекеме қызметкерлері Линдсидің аяғына алты аптаға гипс салып берді.

Қызылордада той үстінде кісі өлтірді

Хендерсонның өзі айтқандай, үйлену тойының бірде-бір сәтін ұмытпау үшін ішімдік ішпеген екен. Енді бұл оқиғадан кейін 2018-дің жазын мәңгі жадынан шығармасы анық.

926
Кілт сөздер:
қалыңдық, аяғын сындырды, үйлену тойы, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
"Қазақ аруы" Гүлназ Жоланова қалыңдық атануға қамданып жүр ме?
Загрузка...