Әйелдің архивтегі фотосы

Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды

7133
(Жаңартылды 17:44 31.08.2018)
Қыз өзінің тұрмысқа шығу тойын бірнеше жыл бойы жоспарлаған, алайда жиналған 15 мың доллар оған жеткіліксіз болып көрінген

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Канадада Сьюзен есімді қыз қонақтар тойына 1,5 мың доллардан жинап бермегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты.

Канадалық қыз бірнеше жыл бойы үйлену тойын барынша сәнді етіп өткізуді жоспарлаған. Сол үшін ол жігітімен бірге ұзақ уақыт бойы 15 мың доллар жинайды. Алайда бұл ақша қызға жеткіліксіз болып көрінген – "қиялдағы үйлену тойын" өткізу үшін 60 мың доллар қажет болған. Содан Сьюзан тойға шақырылған қонақтардың барлығынан сыйлық ретінде 1,5 мың доллардан тапсыруды өтінеді, деп жазды The Mirror.    

Қонақтардың басым бөлігі қалыңдықтың шартын орындаудан бас тартты, салдарынан тойға төрт күн қалғанда салтанатты кештің өтпейтіні туралы жарияланды. Сонымен қатар, Сьюзен жігітімен айырылысып тынғанын да хабарлады. Күйеу жігіт оның жоспары ақылға қонбайтынын айтып,  қарапайым той өткізуді талап еткен көрінеді. Сондай-ақ қыз "барға қанағат етуге" шақырған барлық құрбысымен ұрысып қалған. Қыз "сыйлық" жасап үлгерген қонақтардың ақшасын моральдық шығынға жатқызып, қайтарып беруден бас тартқан.   

Канадалық әлеуметтік желілердегі парақшаларын жойып, "сатқындардан жанын  тазарту" үшін Оңтүстік Африкаға саяхаттауға шешім қабылдады. 


7133
Кілт сөздер:
қалыңдық, сыйлық, үйлену тойы, ақша, Канада
Тақырып бойынша
Бейнеуде той болып жатқан мейрамхана өртеніп кетті
Қызылордада той кезінде адам өлтірді
Ақтауда жас жұбайлар той үстінде кортеж көлігін айырбастауға мәжбүр болды
Лимузин, отшашу, ұлан-асыр той: елімізде сәбиді перзентханадан қалай шығарып алады?
Нигерияда той үстінде қалыңдықтың 11 құрбысы қаза тапты
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
"Қазақ аруы" Гүлназ Жоланова қалыңдық атануға қамданып жүр ме?
Вакцина, архивтегі фото

Ресей жақында коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны тіркейді

11
Бұған дейін ресейлік ғалымдар "Спутник V" деп аталатын коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны тіркеген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин таяуда коронавирусқа қарсы екінші ресейлік вакцина тіркелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Айтпақшы, жақын арада коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркеледі", - деді Путин сенаторлармен кездесуде.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді  

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Ол "Спутник V" деп аталды. Роспотребнадзордың "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалған тағы бір ресейлік коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасы сынақтан өтіп жатыр.

Сонымен қатар, РФ денсаулық сақтау министрлігі М.П.Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталықта жасалған коронавирусқа қарсы жаңа – үшінші вакцинаның клиникалық сынақтарына рұқсат берді.  

11
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, Ресей
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды
Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды 
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай ?
Цой тұмауға қарсы вакцинаны не үшін елден бұрын салдырғанын айтты – видео
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Александр Лукашенко

Ескертусіз инаугурация өтті: Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

53
Александр Лукашенко беларусь тілінде Беларусь халқына адал қызмет етуге, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге ант берді

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтті, бірақ ел билігі бұл туралы алдын ала хабарламады.

Sputnik Беларусьтің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Минскідегі Тәуелсіздік сарайының жанында көп техника жиналып, сол маңнан құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері байқалған. Ғимаратқа кіретін жолдар жабылған.

Рәсім құпия түрде өтті, ал мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт РИА Новости агенттігіне инаугурацияның жақында өтетінін, ол туралы алдын ала хабарланатынын айтты.

БЕЛТА басылымының хабарлауынша, ұлықтау рәсіміне жүздеген адам шақырылды. Олардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар, өкілдер палатасының депутаттары және республикалық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және басқарушы органдардың, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді 

Конституцияға оң қолын қойып, Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берді. Содан кейін ол ант беру туралы актіге қол қойды.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, мен Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын басшылыққа алуға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді ардақтап және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді Лукашенко.

Осыдан кейін Беларусь орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина Александр Лукашенкоға мемлекет басшысының куәлігін табыс етті.

Беларусь еліндегі наразылықтар

Жаппай наразылық акциялары Беларусь елінде 9 тамызда президент сайлауы болған күні басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда алтыншы рет Александр Лукашенко жеңіске жетті, ол 80,1% дауыс жинады. Бұл күні дауыс беру нәтижелерімен келіспейтіндердің наразылығы басталды, өйткені олардың пікірінше, сайлау нәтижелері бұрмаланды.

Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы күні наразылыққа шыққан 6,7 мыңнан астам адам ұсталды. Республика ішкі істер министрлігі тәртіпсіздік барысында жүздеген адамның зардап шеккенін, олардың ішінде 120-дан астам құқық қорғау органы қызметкері бар екенін хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, үш наразылық білдіруші қайтыс болды.

53
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, инаугурация, Беларусь
Тақырып бойынша
Лукашенконың автомат ұстап жүрген видеосы таралып жатыр
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Беларусьтегі дүрбелең: сарапшылар елдегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан позициясы қандай
"Көбірек отырып қалдым": Лукашенко Ресей журналистеріне сұхбат берді
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ