Пхеньян

Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады

510
(Жаңартылды 10:32 02.09.2018)
Анализ барысында автомобиль айдайтын адамдардың өздерін жалғыз сезінетіндері белгілі болды

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Көлік түрлері денсаулыққа қалай әсер етеді? Жаңа зерттеу жұмысы велосипедтің адам денсаулығына айтарлықтай пайдасы бар екенін анықтады. Ол адамның физикалық қана емес, психикалық денсаулығын да жақсартады және жалғыздық сезімінен арылуға көмектеседі. Бұл туралы Environment International журналында жарияланған зерттеу жұмысында айтылды.

Еуропа одағы қаржыландырған PASTA зерттеуі аталған аймақтың жеті қаласында жүргізілді. Олар  Антверпен, Барселона, Лондон, Эребру, Рим, Вена және Цюрих. Базалық сауалнаманы 8 800 адам толтырып, олардың ішінде 3 500-і көлік пен денсаулыққа байланысты тағы бір сауалнамаға атсалысты. Сауалнамада негізінен қандай көлік түрін пайдаланатындығы және денсаулық жағдайларына қатысты сұрақтар болды. Респонденттер атаған көліктер тізіміне автомобиль, мотоцикл, қоғамдық көлік, велосипед, электровелосипед кірді. Сондай-ақ, көбінесе жаяу жүргенді ұнататын адамдар бары анықталды. 

Environment International журналында жарияланған зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, велосипедтің адам денсаулығы үшін айтарлықтай пайдалы екені дәлелденді. Көптеген адам оны айдап келе жатқан кезде жалғыздық сезімінің бұрынғыдай жанды ауыртпайтынын, өздерін әлдеқайда сергек сезінетіндерін айтқан. Екінші орында жаяу жүру тұр. Көлікті пайдаланбайтындардың достарымен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы өзгелеріне қарағанда жақсы болады екен.

Салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақ ішу қажет?

Анализ барысында автомобиль айдайтын адамдардың өздерін жалғыз сезінетіндері белгілі болды. Сондай-ақ, көліктің бұл түрін пайдаланатындардың үнемі көңіл-күйі түсіп жүретіні анықталды.

Ал Сіз құрметті оқырман көліктің қай түрін көбірек пайдаланасыз?

510
Кілт сөздер:
денсаулық, велосипед, зерттеу, ғалымдар, көлік, Лондон, Вена
Тақырып бойынша
Ғалымдар қорқынышты түсті "өшіріп тастаудың" жолын тапты
Ғалымдар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады
Қант қызыл иекті қанатады — ғалымдар
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады
Ғалымдар ажырасудың өмірге қаупін анықтады
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты
Ғалымдар семіздіктің қандай пайдасы барын анықтады
Ғалымдар бургердің ешкім күтпеген зиянын анықтады
Ғалымдар ракқа қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты
Ғалымдар кәрілікке қарсы ем ойлап тапты
Загрузка...