қалыңдық, архивтегі фото

Бойжеткен күйеу жігітінің мәйітіне тұрмысқа шықты

2171
(Жаңартылды 16:55 06.09.2018)
19 жастағы Зарин жерлеу рәсіміне той көйлегін киіп келді

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Филиппинде қайғыдан қан жұтқан бойжеткен марқұм жігітіне тұрмысқа шықты. Бұл туралы Coconuts ақпарат порталы жазды. 

Неке қию рәсімі Исабела аймағындағы Кауаян қаласында өтті. 19 жастағы Зарин есімді филиппин бойжеткен марқұм сүйіктісінің жерлеу рәсіміне той көйлегін киіп келді. Кейін сүйіктісі Джейк Энтони Макадангдангтың қолынан ұстап, оған өмір бойы адал болып өтетінін жеткізді. Бірақ марқұмның қолы қатып қалғандықтан, неке жүзігін алақанына салып қойды. 

Филиппин отбасы кодексіне сәйкес, жұптардың біреуі ауызша немесе жазбаша келісім бермесе, олар заңды түрде ерлі-зайыпты болып саналмайды. Ал жерлеу рәсімі алдында некелесу туралы бұл құжатта жазылмаған. 

Бойжеткеннің күйеу жігітін өткен айда Аарон Кристиан Рейес есімді азамат өлтірген. Ол мотоциклде отырған Макадангданг пен оның достарын көлікпен қағып кетеді. Бұған дейін олар барда сөзге келіп, жұдырықтасқан екен. Жол апаты кезінде 8 адам зиян шекті. 

Психолог қыздарға шетелдікке тұрмысқа шығуға кеңес берді

Макадангданг мектепті енді ғана бітіріп, шетелде жұмыс істеп жүрген. Зарина екеуі мектеп кезінен бастап қыз-жігіт болып жүре бастаған. Оның отбасы күйеу жігітін ерекше жақсы көргендіктен, қыздарына мәйітке тұрмысқа шығуға рұқсат берген. 

Мұндай рәсімдер Франция, Судан және Қытайда заңды болып саналады. Әдетте мұндай неке өткен күнмен тіркеледі. 

2171
Кілт сөздер:
жерлеу, отбасы, бойжеткен, жол апаты
Тақырып бойынша
Бойжеткен мысықты балталап тастады
Астана саябағында бойжеткен аттракционнан құлап кетті
Семейде ұшып кеткен ақшаның соңынан жүгірген бойжеткен талға ілініп қалды
Тоңбадыңыз ба, бойжеткен: Астанадағы эротикалық фотосессияның "бас кейіпкері" табылды
Естелік сурет: бойжеткен селфиге түсемін деп мұз астына түсіп кетті
Қазақстандық бойжеткен өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады
Мақпал Жүнісова марқұм жұбайымен түскен жантебірентерлік видео жариялады
Қытай билігі өлген адамды жерлеуге тыйым салып жатыр
Загрузка...