Әйел сыра ішіп тұр

Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар

808
(Жаңартылды 20:18 05.09.2018)
Ғалымдар сыраның денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Бұл сусынды күніне 0,5 литр ішу арқылы жүрегіңіздің жұмысын жақсарта аласыз. Осындай қорытынды жасады Италия ғалымдары. Бұл туралы gorod-novoross.ru сайтында жазылды.

Сыраның құрамында жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартатын антиоксиданттар бар. Сондай-ақ, құрамында ағза үшін пайдалы фосфор, йод, магний және калий кездеседі. Оның жүрекке пайдалы тұстары туралы америкалық зерттеушілер жазды.

Осы сусынның құрамында бар фитоэстрогендер адам ағзасына жыныстық гормондар секілді әсер ете алады. Алайда әйел қауымы сыраның тиісті мөлшерден көп пайдаланса, эстроген бөлінуі азайып, мұрт өсіп, даусы жуандай бастайды. Ал ер адамдарда керісінше омыраулары өсіп, бар май белдеріне жинала бастайды.

Шай денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?

Бұдан өзге сыра құрамында болатын ксантогумол артық салмақ, жоғары қан қысымы және диабетпен күресуге көмектеседі. Десе де, сыраны мөлшерден тыс пайдаланудың ағза үшін айтарлықтай зиян екенін естен шығармауымыз қажет.

 

 

808
Кілт сөздер:
сыра, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, қан қысымы, денсаулық, ғалымдар, Италия
Тақырып бойынша
Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады
Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керек екенін анықтады
Ғалымдар қорқынышты түсті "өшіріп тастаудың" жолын тапты
Ғалымдар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады
Ғалымдар айнаға қараудың денсаулыққа неге пайдалы екенін айтып берді
Ғалымдар кәрілікке қарсы ем ойлап тапты
Ғалымдар тіс пастасының қаупін айтты
Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады
Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты
Ет, архивтегі сурет

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды видео

582
(Жаңартылды 17:12 09.08.2020)
Видео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Болған жағдайдан соң әйел тамақ дайындауын тоқтатып, етті тоңазытқышқа қайта салып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.

Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды.

Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.

​Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.

582
Кілт сөздер:
желі, видео, жұрт, ет
Тақырып бойынша
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті
Қорғаныш киімін киген дәрігер

Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді

626
(Жаңартылды 12:32 09.08.2020)
Қытайда анықталған SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Дәрігер-вирусолог Евгения Тарасова "Вечерная Москва" басылымына берген сұхбатында тромбоцитопениялық синдроммен байланысты безгектің таралу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қытайда SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болғаны хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?

Аталған инфекцияның қоздырғышы кене болып табылады. Ал адамдар арасында қан немесе шырышты қабық арқылы жұғады.

Ауру белгісі ретінде науқаста жөтел пайда болып, қызба және лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

"Инфекция ошақтары бір ғана елдің ішінде болғандықтан, бұл вирустың таралуы екіталай", – деп түсіндірді Тарасова.

Виролог қолданыстағы карантиндік шаралар мен шекаралардың жабық болуы инфекцияның Қытай аумағынан тыс жерге таралу ықтималдығын төмендетеді, деп атап өтті.

626
Кілт сөздер:
Қытай, вирус
Тақырып бойынша
WhatsApp-тан хабарлама ұрлайтын жаңа вирус анықталды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды