Әлем

Миллиардтаған адам жастай қайтыс болады — зерттеу

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAмәйітхана
мәйітхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ДДҰ 168 мемлекет тұрғындары арасында сауалнама өткізді

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымы жер бетіндегі 1,4 миллиард адамның жүрек-қан тамырлары, екінші дәрежелі диабет және рак ауруына шалдығып, жастай қайтыс болатындарын мәлімдеді. Бұған адамдардың физикалық белсенділігінің төмендеуі себеп болып отыр екен. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз баяндамасында жазылды.

Әйел сыра ішіп тұр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар

Мамандар 168 мемлекетте тұрып жатқан 18 жастан асқан адамдар арасында сауалнама жүргізді. Жалпы респонденттер саны 1,9 миллиардқа жетіп отыр.

Ғалымдардың зерттеуінше, жер бетіндегі әрбір үшінші әйел және төртінші ер адам ағза үшін қажет физикалық жаттығулар жасамайды. Әр адам аптасына 150 минут орташа жылдамдықпен немесе 70 минут асқан жылдамдықпен жаттығулар жасауы тиіс.

Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия, Океания сынды аймақтарда физикалық жаттығуды көп жағдайда кедей адамдардың жасайтыны белгілі болды. 55 мемлекетте халық физикалық жаттығуға мүлдем дерлік уақыт бөлмейді. Ал Кувейт, Америкалық Самоа, Сауд Арабиясы және Ирак сияқты мемлекеттерде тұрғындардың тең жартысының бір орында отырғанды ұнататындары белгілі болды. Сондай-ақ, барлық аймақта ерлерге қарағанда әйелдердің физикалық жаттығулар аз жасайтыны белгілі болды.

Жаңалықтар
0