Пышақ, архивтегі фото

Көршілері мен достары үлгі етіп келген ер адам қанішер болып шықты

1766
(Жаңартылды 15:53 10.09.2018)
Қанды қол қылмыскер қыр соңынан қалмай, адам өлтіруге мәжбүрлеген "дауыс" туралы айтып берді

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. АҚШ-та бірнеше адамды өлтірген Денис Рейдер он үш жылдан кейін кінәсін мойындап, қылмысқа не итермелегенін айтып берді. Қанышердің қолынан кем дегенде 10 адам қаза тапқан. Олардың екеуі – бала.

Денис енді бостандыққа шыға алмайтынын түсініп, өзінің қанды қылмыстарын бүге-шігесіне дейін айтып беруге шешім қабылдады, деп хабарлады CBS телеарнасы.

Ол 1974 жылдан 1991 жылға дейін адамдарды ұрлап әкетіп, қатыгездікпен өлгенше азаптағанын айтты. 

"Мен бұл христианға жат қылық екенін білемін, алайда мені жын-перілер билеп алған секілді. Ол менің ішіме жас кезімде кіріп алған болса керек. Оның бақылауында болдым", — дейді тұтқын.

Сонымен қатар, көршілері, таныстары мен достарының айтуынша, Деннис Рейдер көптің құрметіне бөленіп жүрген. Сырттай қараған жанға дені сау, үлгілі адам секілді көрінетін, дейді олар.

Полиция айлакер жаналғышты 40 жылдан кейін ұстады. Алайда тәртіп сақшыларының қолында айғақ жеткіліксіз еді. Қылмыскердің кінәсі сот психологтары араласқаннан кейін ғана дәлелденді. 

73 жастағы Деннис Рейдер сот психологиясының профессорымен бірге өзінің қылмыстары туралы кітап жазды, одан түскен табыс қаза болғандардың отбасыларының сенімгерлік қорына аударылды. Онда қылмыскер он бірінші адамды өлтірмекші болғанын мойындады. 


1766
Кілт сөздер:
қылмыскер, кісі өлтіру, дауыс, АҚШ
Тақырып бойынша
Төрт адамды қырып салған қанішер артынан өзін өлтірген
Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішер баланы да аямаған
Белгісіз біреу ойын кезінде 10 адамды атып өлтірді
Қытайда профессор әйелі мен қызын доппен өлтірді
Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң буындырып өлтірді
Загрузка...