Джек Ма

Әлемдегі ең бай адам қашан зейнетке шығады

1002
(Жаңартылды 15:48 10.09.2018)
Джек Ма басқарма төрағасы қызметінен кеткенімен, компания басшылығы мен бизнеске мүлдем араласпайды деген сөз емес

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Аса ірі Alibaba Group ритейл компаниясының негізін қалаушы әрі иесі компанияның жиырма жылдық мерейтойында оның басшысы қызметінен кетеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін Alibaba-ның 19 жылдығы. Тура бір жылдан соң  2019 жылдың  10 қыркүйегінде компанияның жиырма жылдық мерейтойында Alibaba Group корпорациясының басқарма кеңесі төрағасының қызметін босатамын деп жариялаймын", — делінген Weibo әлеуметтік желісіндегі компанияның ресми парақшасында жарияланған Джек Маның мәлімдемесінде.

Басқарма төрағасы лауазымын компанияның қазіргі бас атқарушы директоры Чжан Юн иеленеді (Дэниэль Чжан).

Джек Ма компанияны басқаруды тапсырғанда Чжан Юнға көмектесуге уәде берді.

2019 жылдың 10 қыркүйегінен кейін 53 жастағы Джек Ма  2020 жылғы жылдың акционерлер кеңесіне дейін директорлар кеңесі мүшесі болып қала береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Джек Ма енді білім саласында қайырымдылықпен айналыспақ.

Forbes журналының бағалауы бойынша, 1999 жылы Alibaba ұйымының негізін қалаған Джека Маның байлығы 36,6 миллиард долларды құрайды.

1002
Кілт сөздер:
зейнеткер, Alibaba, Джек Ма, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстанда орташа зейнетақы 101 мың теңге екені рас па? Министрдің жауабы
Қазақстандықтардың біраз бөлігі зейнетақы алмайды: БЖЗҚ түсініктеме берді
Сәтбаев: Халық зейнетақы қорындағы өз ақшасын кредит ретінде алады
Жақыпова: пәтер мен көлікті сатудан зейнетақы жарнасы алынбайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Пәтер мен көлік сатудан зейнетақы жарнасын төлейміз бе? Вице-министр жауап берді
Қазақстандықтар зейнетақы жайында нені білуі тиіс?
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар зейнетақы қорына ақша аударуға міндеттеледі
Загрузка...