Әлем

Instagram желісіндегі видеода енді достарды белгілеуге болады

© AFP 2024 / Thomas CoexInstagram белгісі
Instagram белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзірге бұл опцияны аздаған адамдар ғана қолдана алады және ол тек ұялы қосымшаларда жұмыс істейді

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Танымал Instagram әлеуметтік желісі жуырда жаңа опциямен толықпақ. Яғни бұдан былай осы желіде жарияланған видеода достарды белгілеуге болады. Бұл туралы TechCranch порталы жазды.

Әдетте достарымызды суреттің бетін басу арқылы белгілесек, бұл жолы аздап өзгеше. Адамдардың есімі оң жақ бұрышта пайда болып, видеодағы достарды сол жерден таңдайтын боламыз. Бұдан кейін видеода белгіленген достарымыздың тізімі бөлек бетте жарияланып тұрады.

Басылымның хабарлауынша, бұл опцияны әзірге белгілі бір адамдар ғана қолдана алады. Ал барлығы үшін жуырда қолжетімді болмақ.

Жаңалықтар
0