Әлем

Тікелей эфирде сұхбат беріп отырған әйел тіл тартпай кетті

CC0 / StockSnap / Оператор
Оператор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейінірек тележүргізуші хабарлағандай, оқиға қас қағым сәтте болыпты – эфир алдында әйелдің жағдайы жақсы болған

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Танымал үнді профессоры Рита Джитендра (Rita Jitendra) тікелей эфирде сұхбат беріп отырғанда көз жұмды.

81 жастағы қарт әйел телеарнаның тұрақты қонағы екен, дүйсенбі күні таңғы бағдарламада өмірінің елеулі сәттерін еске алып отырғанда, аяқ асты тынысы тарыла бастайды.

​Арада бірнеше минут өткенде оқиға орнына шұғыл келіп жеткен дәрігерлер профессордың дүние салғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, Рита Джитендраның жүрегі тоқтап қалған. Жүргізушінің айтуынша, сұхбат алдында әйел адам өзін жақсы сезінген, деп хабарлайды inquisitr.com.

Жаңалықтар
0