Әлем

Аю аңшыға шабуыл жасап, бет-ауызын жұлып алған - видео

CC0 / Skeeze / Аю
Аю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер ер адамның оң аяғының терісін алып, бетіне ауыстырып салған

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек — Sputnik. Аюдың шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алған аңшының бетін қалпына келтірді.

Вайоминг штатында гризли аюы Ли Бруктың мұрны мен үстіңгі ернін жұлып алған, деп жазады Daily Mail.

Алпыс жастағы ер адам өзі атып өлтірген бұланға жақындай бергенде, артынан салмағы 200 килограмм гризли аю шабуыл жасайды. Аю аңшыны алып ұрып, бетін жұлып алған.

Ли Брук аң бетін иіскелеп жатқанда оянады. Көзі қанға толып кетсе де, Ли қалтасындағы пышақты алып, жыртқышты басынан бір ұрады. Аю кері шегінгенде, ер адам сытылып кеткен.

Ли Брук сол маңда жүрген басқа аңшыларды көмекке шақыра бастайды. Көмекке күйеу баласы келген. Ол Ли Бруктың бетінің жұлынған бөліктерін жинап, жедел қызметті шақырады.

Аңшыны ауруханаға жатқызып, дәрі-дәрмектің көмегімен ұйықтатады. Үш ай бойы операция жасалған.

"Денесін қалпына келтіріп қана қоймай, жазылып келе жатқанына көз жеткізгіміз келді", — деді емхана хирургі Лиза Даниали.

Кейін Ли Бруктың оң аяғынан тері алып, бетіне ауыстырып салған. Оның басында көптеген металл пластиналар мен винттер бар.

Жаңалықтар
0