Көлік өртеніп жатыр

Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермеді - видео

1909
(Жаңартылды 13:36 25.09.2018)
Ford Mondeo Mercedes-Benz көлігіне соғылып, артынша өртеніп кетті. Жүргізуші көліктен сыртқа шығып үлгермеді

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні кешкі сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін олардың біреуі өртке оранды. Осы өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеді. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.

Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпарат әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.

 

 

1909
Кілт сөздер:
милиция, ер адам, жүргізуші, көлік, өрт
Тақырып бойынша
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті
Маңғыстау облысында жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті
Маңғыстау облысында автобус жанып кетті
Ақсуда жүк көлігі ішінде төрт жасар бүлдіршін жанып кетті
Алматы ТҚКС-дағы өрт: бес автокөлік жанып кетті
Үйлену тойында қалыңдықтың көйлегі өртке оранды
Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді
Загрузка...