Сәби камераға қарап жатыр

Белгілі клуб футболшысының бір жарым айда үш әйелден 3 баласы туды

194
Сайдо Бераино 913 күнде бір рет гол соққан

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. "Сток сити" ағылшын клубының ойыншысы Сайдо Бераино 1,5 ай ішінде үш әйелге үш бала туғызды. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Сәбилер 30 мамыр мен 17 маусым аралығында дүниеге келген. Футболшының бұрынғы қалыңдығы Стефания Кристофору 30 мамыр күні ұл босанды. Туу туралы куәліктегі "әкесі" деген жерде Бераиноның есімі жазылған.

Екінші сәбидің анасы — есімі жасырылған африкалық медбике. Ол 15 шілде күні футболшыдан қыз туды. Бераино бұл қыздың заңды әкесі емес. Алайда әйел қазір футболшымен келіссөздер жүргізіп, араға қорғаушыларды салып отыр.

Футболшыға үшінші сәбиді Челси есімді модель ару туып берді. 17 шілде күні берілген туу туралы куәлікте сәбидің әкесі Бераино екені жазылған.

Тамыз айында форвард 913 күнде алғаш рет гол соқты. Бұған дейін 2016 жылдың ақпан айында "Вест Бромвичпен" ойнаған кезде ғана соққан-ды. Бераино 48 ойын бойы көзге түспеді. "Сток Ситиге" 2017 жылдың қаңтар айында ауысты.

194
Кілт сөздер:
қалыңдық, әйел, футболшы, әке, сәби
Тақырып бойынша
"Күт мені, анашым". Жас футболшы фейсбукте жазба қалдырып, өзіне қол жұмсады
Қазақстандық футболшы алты ай ғана өмірі қалғанын айтты
Әлемге әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған
Кеудесіне доп тиген футболшы көз жұмды
Қағаз ақшаға сіңбірінген футболшы қатаң сынға алынды
Бокстан әлем чемпионы Головкин енді футболшы болғысы келеді
Головкинді жеңген "Канело" ұлды болды
Загрузка...