Әлем

Дәрігер кәрі адамдарды жастардың қанымен емдеу жолын тапты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚан құю орталығы, архив
Қан құю орталығы, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қариялар бір процедура үшін 8000 доллар төлейді, дәрігердің кейбір әріптестері мұны барып тұрған алаяқтық деп отыр

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Нью-Йоркте Ambrosia Medical емханасын ашу жоспарланып отыр. Мекеме мамандары түрлі аурудың алдын алу үшін егде жастағы адамдарға жастардың қанын құймақ. 

Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай қалыпта ұйықтау өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады

Бір процедура құны – 8000 доллар (шамамен 3 миллион теңгеге жуық). Медицина саласындағы бұл жаңашылдықтың авторы – Стэнфорд университетінің түлегі Джесси Кармазин. 

Зерттеу нәтижесінде ол жасөспірімдер мен жастардың қаны қарт адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтаған. Кармазин негізін қалаған емхана 16-25 жас аралығындағы донорлардан қан жинап, оны 35 пен 92 жас аралығындағы пациенттерге құюды жоспарлап отыр. Ер адамның айтуынша, емнің бұл түрі адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейді, деп жазады life.ru. 

Ambrosia Medical емханасын Нью-Йоркте жыл соңына дейін ашу көзделіп отыр. Емнің қымбат екеніне қарамастан, сауықтыру процедуралары үшін қазір 100-ге жуық адам кезекте тұр екен. 

Кармазиннің кейбір әріптестері оның бұл ойына күмәнмен қарайды. 

"Емнің пайдалы болатынына ешқандай кепіл жоқ", — дейді Стэнфорд университетінің неврологы Тони Висс-Корай.

Жаңалықтар
0