Сәби, нәресте шомылғалы жатыр

Нәресте улы сарышаян 7 рет шаққан соң аман қалды

872
(Жаңартылды 17:13 26.09.2018)
Дәрігерлер сәбиді аман алып қалу үшін уға қарсы дәріні 6 рет ішетін мөлшерде құйған

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Туғанына үш күн болған қыз бала сары құрышаян жеті рет шаққаннан кейін аман қалды. Дәрігерлер улы жәндіктің сәби жөргегінде болғанын айтады. Сондай-ақ, олар сәбидің тек бірнеше антидот арқасында тірі қалғанын жеткізді. Олар сәбиге бұл дәріні сары құршаян тістеген соң араға екі сағат салып құйған. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Бүгінде сары құршаян Бразилиядағы ең қауіпті жәндіктердің бірі. Ол тарақан және термиттермен қоректенеді. Сәбидің 25 жастағы анасы қызының кенеттен көбік құса бастағанын айтады.

"София қатты әлсіреп, сүттен де бас тартты. Бір сәтте тынысы тарылып бара жатқандай көрінді. Рефлюкс болар дедім. Сол сәтте жөргегінің ішінде сарышаян болуы мүмкін деп мүлдем ойламаған екенмін", — деді ол. 

Кейін ата-анасы сәбиді Бразилияның солтүстік-шығысындағы Баия штатында орналасқан ауруханаға алып барған. Себебі, кенеттен жүрегі қатты соғып, тоқтамай көбік құсқан. Дәрігерлер сәбиге уға қарсы дәрінің алты рет ішерлік дозасын құйған. Кейін араға үш күн салып сәби ауруханадан шығарылды.

"Софияның жөргегін шешіп, ішінен сарышаянды көрген кезде қатты қорқып кеттім. Есім шығып не істерімді білмей қалдым. Жәндікті алып тастауға көмектессін деген оймен күзетшілерге қарай жүгірдім", — дейді ол.

Фернанданың айтуынша, ванна бөлмесіне сарышаян кәріз жүйесі арқылы кірген болуы мүмкін. Осы жағдайдан кейін отбасы ашық кәріз жүйесіне жақын орналасқан үйлеріне оралмады. Тіпті, киімдері мен жиһаздарын тастап, туыстарының үйіне көшіп кеткен.

872
Кілт сөздер:
аурухана, ата-ана, әйел, нәресте, сәби
Тақырып бойынша
Апатқа ұшыраған ұшақтан жасөспірім аман қалды - видео
Балқашта бесінші қабаттан құлаған қызды дәрігерлер аман алып қалды
Шымкентте ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды
Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды
Ақмола облысында үстіне жай түскен малшы аман қалды
Ақтөбеде 6-қабаттан құлаған үш жасар бүлдіршін аман қалды
Маңғыстауда ашық теңізде үш тәулік өткізген ер адам аман қалды
Загрузка...