Әлем

Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚылмыскердің қолы
Қылмыскердің қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәуір айында ер адам өзін бір кездері қорлаған мектепке барып оқушыларға қанжармен шабуыл жасады

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қытайда тоғыз оқушыны өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді.

Сиыр мен ер адам - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сиыр өзіне шабуыл жасаған арыстанды арқанмен өлтірді

28 жастағы ер адамға кесілген өлім жазасы бейсенбі күні орындалды, деп хабарлайды РИА Новости. Қылмыскерге өлім жазасын Қытай Халық Жоғары соты санкциялады.

Сжао Цзэвэй 27 сәуір күні Шэньси провинциясы Юйлинь округі Мичжи уезінде оқушыларға шабуыл жасады. Қолына қанжар ұстаған ер адам сабақтан қайтып келе жатқан оқушыларды жарақаттады. Жұма күні тоғыз бала өліп, тағы 12 оқушы зардап шекті.

Қылмыскер өзінің бұл әрекетін бір кездері осы мектепте жүріп қорланғанымен түсіндірген.

 

 

Жаңалықтар
0