Дәрігер ота жасап жатыр

Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған

1227
(Жаңартылды 13:52 11.10.2018)
Тергеу жүріп жатқанына қарамастан, дәрігер Америкаға көшіп, сол жақта нейрохирургиялық бизнес ашып алған

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Шотландияда хирург науқастың миындағы ісіктің орнына оның көз жасы безін алып тастаған. Сондай-ақ, дәрігердің осы әрекетін жасырып қалуға тырысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Mirror басылымы. 

Дәрігер Мучта Салем Эль-Джамель екі баланың 50 жастағы анасына ота жасау кезінде қателік жібергеннен кейін науқастың миында тағы бір ісік бар деп өтірік айтқан. Дәл қазір науқас Жюль Роуз 61 жастағы дәрігермен соттасып жатыр. Осы уақытқа дейін Мучта Салем өзінің тәжірибесінде бірнеше рет осыған ұқсас қателік жібергені анықталды.

2013 жылы Жюль Роуздың көзіне лазердің көмегімен ота жасалады. Кейін басында ісік бары анықталып, сол тамызда әйелге Эль Джамель екінші рет ота жасайды. Осы кезде нейрохирург жұмыс барысында жіберген қателіктері үшін басшылықтың бақылауында болған.

Әйелдің айтуынша, көпке дейін өзіне мықты мамандардың бірі ота жасады деп ойлаған. Тіпті, ауруханадан кейін де осы дәрігерге әртүрлі жолмен алғыс айтқан. Дәл қазір науқастың көзі құрғап, линзасын кие алмай жүр. Мұның себебі — дәрігердің ісікті алудың орнына көз жасы безін сылып тастауы.

Екі баланың анасы денсаулық сақтау кеңесінің хирургтың қателігінен кейін оған қалайша екінші рет мүмкіндік берілгеніне ашулы. Тергеу жүріп жатқанына қарамастан, дәрігер Америкаға көшіп, сол жақта нейрохирургиялық бизнес ашып алғаны белгілі болды.

1227
Кілт сөздер:
ота, ісік, әйел, науқас, дәрігер
Тақырып бойынша
Астанада дәрігердің науқасты неге тепкені белгілі болды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Ақтөбе емханасында күзетші наразылық білдірген науқасты желкелеп қуып шыққан
Мекенжайы маңызды емес: менингитке шалдыққан науқасты бірден ауруханаға жатқызу керек
Белгілі дәрігер дәретханаға түнде екі рет бару ненің белгісі екенін айтты
Біртанов: көптеген дәрігер жұмыстан кетпек
"Өлім жазасына кесеміз бе?". Біртанов дәрігерлер жұмысына қатысты пікір білдірді
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

7
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

7
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды
Зертхана қызметкері

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды

59
(Жаңартылды 16:46 07.08.2020)
Ресейдегі Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында әзірленген вакцина 12 тамызда тіркеледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцина 12 тамызда тіркеледі, деп хабарлайды РИА Новости.

"Гамалея орталығында жасалған вакцина 12 тамызда тіркеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Ең алдымен медицина қызметкерлері мен қарт адамдарға вакцина қойылады", - деді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев Уфада өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Ол сарапшылардың халықтың иммунитеті қалыптасқаннан кейін препараттың тиімділігін бағалай алатындығын атап өтті.

Коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленді

Гамалея орталығында жасалған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда басталды. 38 ерікті қатысқан алғашқы сынақта оның қауіпсіздігі дәлелденді, яғни еріктілердің барлығында инфекцияға қарсы иммунитет дамығанын көрсетті.

Орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина барлық адамға тиімді болмайтынын айтады. Кез келген препарат аурудың асқынуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы аурулары бар адамдар мамандармен кеңескені жөн.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Айта кетейік, Ресейде жаппай вакцинация қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

59
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі-дәрмек, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Батыс COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу жарысында артта қалып келеді
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды