Қалыңдық

Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді

3326
(Жаңартылды 17:51 10.10.2018)
Қос ғашық Джессика мен Кендалл Джеймс той күнін белгілеп қойған. Алайда күйеу жігіт өзгенің өмірін құтқарамын деп өзі ажал құшады

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. АҚШ-та қалыңдық тұрмысқа шыққалы жүрген жігітінен қапыда көз жазып қалды. Қыз олардың үйлену тойы өтуі тиіс болған күні некеқияр көйлегін киіп, күйеу жігіттің қабіріне келді.

Джессика Пэджетт (Jessica Padgett) сүйіктісі Кендалл Джеймс Мерфидің (Kendall James Murphy) құлпытасының жанында фотосессияға қатысты. Ол той көйлегімен қабірдің басында тұрып, күйеу жігіттің үлкен суреті мен өрт сөндіру киімін ұстап суретке түсті. Оған туыстары мен достары қолдау көрсетті. Бұл идеяны марқұмның анасы ұсынған екен. Ол фототүсірілімді қалыңдықтың қайғысын аздап жеңілдетін болар деген үмітпен ұйымдастырған, деп жазды The Sun басылымы. 

Фотограф суреттерді Facebook-те жариялады, оны 21 мыңнан астам қолданушы бөлісіпті.

Еріктілердің өрт сөндіру жасағында болған Мерфи 2017 жылдың қарашасында көз жұмды. Ол апат кезінде көлікте қысылып қалған адамға көмек көрсетуге аттанған. Ерікті автокөліктен шыққан кезде, оны өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Колби Блейк (Colby Blake) қағып кеткен. Кейінірек жүргізушінің қанындағы алкоголь деңгейі нормадан екі есе жоғары екені анықталды. Блейк әлі күнге дейін сот алдында жауап берген жоқ.

Өрт сөндірушілердің ұлттық қауымдастығы (The National Fallen Firefighters Association) Мерфиге "отбасымен және достарымен бірге уақыт өткізгенді ұнататын жанқияр әрі жақсы адам" деген мінездеме берген.  


3326
Кілт сөздер:
трагедия, үйлену тойы, АҚШ
Тақырып бойынша
Шың басында үйленуге ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге ажал құша жаздады
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Загрузка...