Тау, архивтегі сурет

Тауда құлаған ұшақтағы спортшылар бірнеше досының етін жеп аман қалған

5323
(Жаңартылды 15:32 12.10.2018)
Апаттан кейін 45 адамның 33-і тірі қалған. Ал бірнеше күннен соң ауыр жарақат алған тағы бесеуі көз жұмады

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. 1972 жылдың 13 қазанында спортшыларды Уругвайдан Чилиге алып бара жатқан ұшақ Анд шыңында құлаған.  Жолаушылар апаттан кейін аман қалу үшін командаластарының етін жеуге мәжбүр болған. 

Ұшақта отырған регби командасы болатын. Апаттан кейін 45 адамның 33-і тірі қалған. Ал бірнеше күннен соң ауыр жарақат алған тағы бесеуі көз жұмады. Тірі қалғандар құтқарушылар іздеп табады деп үмітін үзген жоқ. Бұл туралы prosports.kz жазды. 

Жеңіл киініп шыққан спортшылар, сөйтіп, қар арасында қалды. Оның үстіне, тамақ аз, таулы аймақ болғасын тыныс алу да қиын. Бірақ құтқарушылар команданы іздеп таба алмады. Ал сегіз күннен соң радио арқылы іздеушілер тобы өз жұмыстарын тоқтатқанын естиді.

Қарындары ашып, тоңа бастаған кезде спортшылардың бірі, дәлірек айтқанда, Роберто Канесса тағам ретінде қайтыс болған әріптестерінің етін жеуді ұсынады. Басында бәрі бұл идеядан шошып кеткенімен, бірнеше күндік аштық не істетпейді? Канесса өз өмірінде алғаш рет адам етін кесіп жатқанда қолының қатты дірілдегенін айтады.

Апаттан 18 күннен кейін қар көшкіні болып тағы сегіз адам көз жұмады. Қармен оранған ұшақ енді жыли түсті, ал қайтыс болғандар тамаққа айналды. Апат болған күннен бір ай өткен соң бірнеше спортшы кеш батқанша қай жерге дейін барып үлгере алатындарын тексеріп көрмек болады. Сөйтіп жүріп, олар ұшақтың бір бөлігін тауып алады. Мұнда киім толы чемодан, аккумулятор мен аз ғана тәтті тағамдар болады. Спортшылар рацияны жөндеуге тырысқанымен, қолдарынан келмеген.

Екі айдан соң тірі қалғандар саны 16-ға кеміді. Олардың үшеуі көмек іздеп, таудан түсіп кетеді. Бұл 12 желтоқсан еді. 10 күн жүріп 65 шақырымды артта қалдырған олар, тау ағынына тап болады. Бір күннен соң өзенге жетіп, жергілікті бақташыны көреді. Өзеннің арғы жағында тұрған бақташы тасқа қағаз бен қарандашты байлап, спортшыларға лақтырып жібереді. Регбишілер өздерінің кім екендерін, қандай оқиғаға тап болғандарын жазып жібереді. Бақташы оларға нан мен ірімшік лақтырып, жылдам құтқарушыларға бет алады.

Сөйтіп, спортшыларға әскери гарнизонның алты өкілі мен журналистер келеді. Басында бұл оқиғаға ешкімен сенбейді, сол кезде төмен түскен үш спортшы ұшақ құлаған жерге алып барады. Көп ұзамай құтқарушылар келіп, ұшақта қалған спортшыларды да алып кетеді.

Қорқынышты апаттан тірі қалған 16 спортшы таудағы өмірін әлі ұмытпаған, қайтыс болған командаластарына құрмет көрсету үшін олар жыл сайын жиналып тұрады.

5323
Кілт сөздер:
аштық, регби, ұшақ апаты, спортшылар, жолаушы
Тақырып бойынша
Суданда екі әскери ұшақ соқтығысты - видео
Ресейде ұшақ құлады – оқиға орнынан видео
Астана әуежайында ұшақ қозғалтқышы өртке оранды
Тазалықшы ұшақ әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды
Стамбул әуежайында екі ұшақ соқтығысты – видео
аурухана

Ауруханада жатқан ресейлік әнші қайтыс болды

2262
Халық арасында кеңінен танымал "Ягода-Малина" әнінің авторы Валентина Легкоступова бірнеше күн комада жатты

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз  – Sputnik. Бірнеше күннен бері ауруханада комада жатқан ресейлік әнші Валентина Легкоступова қайтыс болды.

"Бүгін сағат 15:30-да үлгілі қыз, әлемдегі ең керемет ана және әже бола білген адамнан айырылып қалдық...", - деп жазды Анетта Бриль Instagram-да.

© Sputnik / Антон Денисов
Валентина Легкоступова

Айта кетсек, 11 тамызда Валентина Легкоступова өз пәтерінен басы жарылған күйде табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, әнші бірнеше күн бойы комада жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, оның күйеуі Юрий Фирсов Валентинамен пәтерде бірге болған, бірақ кейін қашып кетіпті. Әншінің денесінде көгерген іздер болған.

Валентина Легкоступованың өмірбаяны

Валентина Легкоступова 1965 жылы Хабаровскіде туған. 1985 жылы Чайковский атындағы Симферополь музыкалық училищесін скрипка класы бойынша бітірген.

1985-1990 жылдары Мәскеуде Гнесин атындағы мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтында профессор Иосиф Кобзонның эстрадалық вокал бөлімшесінде оқиды.

Легкоступова 1985 жылы сахнаға аяқ басып, Сеня Сон жетекшілік еткен топтың құрамында өнер көрсете бастайды.

1987 жылы ең танымал "Ягода-малина" әнін жазады.

2014 жылы Легкоступова Испаниядағы Тенерифе аралына көшіп кетеді. 2018 жылы Феодосия қаласына оралып, қалалық мәдениет бөліміне басшылық еткен.

2262
Кілт сөздер:
әнші
Александр Лукашенко

Беларусьтегі президент сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

223
Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинап, Беларусь президенті болып қайта сайланды. Алайда елде наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды

АЛМАТЫ,14 тамыз – Sputnik. Беларусь елінің қазіргі президенті Александр Лукашенкоға республика халқының 80,1%-і дауыс берді, ал Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Лукашенко алтыншы рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды.  

Президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясына шағымданып, нәтижелерді мойындамайтынын айтты. Себебі біріккен штабтың жекелеген учаскелердегі дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтер дауыс берушілердің жартысынан көбі Тихановскаяға дауыс бергенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео

Беларусь еліндегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды, оларды қауіпсіздік күштері басып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде алты мыңға жуық адам ұсталды. Республиканың ІІМ жүздеген адамның зардап шеккенін, оның ішінде 103 құқық қорғау органдарының қызметкері бар екенін хабарлады.

223
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Беларусь
Тақырып бойынша
Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды  
Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 16 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 16-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - экологиялық білім беру тақырыбында тікелей эфирде пікірталас өтеді. Іс-шараға Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев; ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева; білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ білім беру және экология саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.  

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0