Әлем

Ерлі-зайыпты 20 әйелді өлтіріп, жеп қойған

CC0 / rebcenter-moscow / Ер мен әйел
Ер мен әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексикада полицейлер кем дегенде 20 әйелді өлтіріп, жеп қойған ерлі-зайыптыны ұстады

АЛМАТЫ, 12 қазан — Sputnik. Мексика полицейлері ел астанасына жақын маңдағы қалалардың бірінде тұратын ерлі-зайыптыны кем дегенде жиырма әйелді өлтіріп, етін жеді деген күдікпен ұстады.  

Қылмыс Экатепек қаласында болған. Алты жыл бойы ер адам ешкімнен қорықпай әйелдерді өлтіріп келген. Ол тұрғылықты жерін өзгертіп отырған, деп хабарлады РИА Новости.  

"Ол кем дегенде 20 әйелді өлтіруге қатысқанын айтты. Қазіргі таңда күдікті өз қылмыстарының тек 10 эпизодын бүге-шігесіне дейін баяндап берді", — деді Мехико штатының прокуроры Алехандро Гомес.

Жауап алу кезінде ер адам қылмыс жасауына бала күнінде болған оқиға итермелегенін айтқан. Ол кішкентай кезінде өзінен үлкен қыздардан сексуальды зорлық көрген болып шықты, бұл оның бойында нәзік жандарға деген жек көрушілік сезімін тудырған. 

Тау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тауда құлаған ұшақтағы спортшылар бірнеше досының етін жеп аман қалған

Күдікті жауап алу кезінде егер жазасыз қалса, бостандыққа шыққаннан кейін адам өлтіруін жалғастыра беретінін мәлімдеді.   

Әйелдерді жек көретініне қарамастан, ер адам үйленген. Мұздатқыштан мәйіттердің бөлшегі табылғаннан кейін оның жұбайы да ұсталды.  

Полицейлерге ерлі-зайыпты өз құрбандарын тамақ ретінде тұтынған деген ақпарат түсіпті, ол аз болғандай, көршілеріне сатқан көрінеді.   

Сонымен қатар, ерлі-зайыпты құрбандарының бірін өлтіргеннен кейін екі айлық баласын бөтен адамдарға сатып жіберген. Қазір баланың қайда екені анықталды, ол өлген әйелдің туыстарына қайтарылады. 

Жаңалықтар
0