Ер адам кітап ұстап тұр

Директор күйеуін мектептегі 6 жұмысқа орналастырып, жалақы төлеп отырған

1698
(Жаңартылды 12:30 13.10.2018)
Прокуратураның есептеуінше бұл ер адам тәулігіне 22 сағат жұмыс істеуі тиіс

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Ресей Федерациясы Ленинград облысында мектеп директоры күйеуін жұмысқа орналастырып, бірден алты қызметке тағайындап қойған. Бұл туралы аймақтағы прокуратура жазылды.

Тексеріс барысында ер адам бір уақытта аула сыпырушы, күзетші, физика пәнінің мұғалімі, компьютерлік сыныптың зертханашысы, робототехника және видеомонтаж үйірмелерінің жетекшісі болғаны анықталды.

Прокуратура есебі бойынша күніне 8 сағаттан күзетші, аула сыпырушы және ұстаз ретінде аптасына 30 сағат сабақ берсе, ол тәулігіне 22 сағат жұмыс істеуі тиіс.

"Бұл жұмыс табеліне енгізілген деректердің сенімсіз екенін дәлелдеп отыр", — делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, оның әйелі жұмыс уақытын жазатын табельге өтірік ақпарат енгізген және тиісті емес мөлшерде жалақы төлеген, сондай-ақ, ер адам өзіне тиесілі жұмыстың барлығын атқармаған. Фактіге сәйкес, ҚК 292-бап 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Ведомство мектепке материалдық шығын келген-келмегенін нақтыламады.

Шілде айының басында Қорған облысында мемлекеттік мекемеде директор ұлының бірден төрт қызмет атқарып отырғаны белгілі болды. Олар — зертханашы, кітапханашы, аула сыпырушы және жинап тазалаушы. Ер адам ЖОО-да оқитындықтан, бұл жұмыстың ешқайсысын істемеген. Бірақ міндетті түрде жалақы алып отырған. Сот оған заңсыз төленген 312 мың рубльді қайтаруды талап етті.

1698
Кілт сөздер:
күйеуі, мектеп директоры, мектеп, сот, жалақы, Ресей
Тақырып бойынша
Маңғыстауда интернат директоры қызметкерлердің ыдыс-аяғын шағып, шу шығарған
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Петропавлда бұрынғы шенеунікке алған пара көлемінен 60 есе көп айыппұл салынды
Әлемде жыл сайын берілетін пара көлемі анықталды
Астанада он бір полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Алматыда мемлекеттік қызметкер пара ретінде ақша мен Iphone алған
Қостанайда балабақша директоры кәсіпкерден 350 мың теңге пара сұраған
Загрузка...