Әлем

Түсірілімнің қызығына түсіп кеткен аңшыны аю жеп қоя жаздады – видео

CC0 / / Аю, иллюстративті фото
Аю, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аңшы аюларды видео түсіріп жатып, жыртқыштың шабуылдағанын байқамай қалған

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Канадалық аңшы Закари Браун ұрғашы аюдың қонжықтарымен серуендеп жүрген сәтін видеоға түсіріп тұрып, оның жемтігіне айнала жаздады.   

The Daily Mail мәліметінше, ер адам Альберта провинциясындағы Стони Плейн қаласына жақын маңдағы орманда аңдарды кездестіріп қалған. Ол түсірілімнің қызығына түсіп кеткені соншалық, ұрғашы аю қалай білдірмей келіп қалғанын байқамаған. Жыртқыш шабуыл жасаған кезде, аңшы камераны тастай қашқан.

Кейіннен Закари Браун аңнан қашып құтылғаны хабарланды.   


Жаңалықтар
0