Тікелей эфир

Тікелей эфирде болған күлкілі жағдайлар видео

563
(Жаңартылды 18:50 15.10.2018)
Тікелей эфирде тележүргізушілерді бағдарлама қонақтарының ыңғайыссыз жағдайға қалдыратын кездері жиі кездеседі. Осындай қонақтардың бірі эфирге өзімен бірге алып жылан әкеліп, жұртты шошытқан екен

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Осы күнге дейін көптеген тележүргізуші тікелей эфирде отырып ұятты да күлкілі жағдайға қалған-ды. Сондай-ақ, түсірілім тобын алаңдатып қоятын қонақтар да болады. Бірі тікелей эфирге жылан алып келіп жұртты шошытса, екіншілері боғауыз сөздер айтады. Назарларыңызға тікелей эфирде болған қызықты жағдайлар топтамасын ұсынамыз. 

Кейбір тележүргізушілер тікелей эфирде отырып өздерінің эмоцияларын бақылауда ұстай алмай күліп жібереді. Ал енді екіншілері сөз ішіндегі әріптер орнын шатастырып, оларды айта алмай қиналады. Сондай-ақ, киімдеріне байланысты күлкілі жағдайларға тап болатындар да жетерлік. Мысалы, мына төмендегі видеода тележүргізуші үстелдің әйнек екенін ұмытып кеткен сияқты.

Шетелдік журналистердің бірі қонақтардан бассейн ішінде тұрып сұхбат алмақшы болады. Бұл ойы жүзеге асқанымен, өзі күтпеген жайсыз жағдайға тап болады. Бассейн өзі ойлағаннан әлдеқайда терең екен. Осылайша журналист сұхбат алу барысында микрофонымен бірге суға батып кетеді. Бұдан өзге бағдарламаға қонақтардың бірі жылан алып келіп тележүргізушілердің әбден зәресін ұшырады. Әйел тележүргізушінің жанында отырған ер адам студиядан шығып кетіп, жылан екеуінің арасын бөлетін ағаш алып келеді.

Қайғылы оқиға туралы әңгімелеп отырып күлетін жүргізушілер сирек. Десе де, ресейлік арналардың бірінде әйелі өлген ер адам туралы айтып отырған тележүргізуші көпке дейін күлкісін жия алмай қиналады. Мұнымен қатар, тікелей эфирде сөйлеп тұрып боғауыз сөздер айтатын журналистер де бар.

Тікелей эфирде жайсыз оқиғаға тап бола тұра жұмысын әрі қарай да жалғастыра жөнелетін мамандар сирек. Әсіресе, денсаулығыңа зиян келетіндей жағдай болса. Төмендегі видеода журналисті шанамен сырғанаған балалар қағып өтіп, салдарында ер адам сальто жасауға мәжбүр болады. Десе де ол жерге құлағанына қарамастан тікелей эфирдегі репортажын соңына дейін жеткізеді.

Бұдан өзге тікелей эфирде бағдарлама қонақтарының ұрысы төбелеске ұласатын кездер болады. Бір қызығы, олар жұдырықпен емес, алдында тұрған заттар арқылы бір-біріне зақым келтіргенді ұнатады. Төмендегі видеода бағдарлама қонақтары алдында тұрған үстелді бір-бірлеріне қарай итеру арқылы төбелеседі.

563
Кілт сөздер:
сұхбат, журналист, әйел, тележүргізуші, тікелей эфир
Тақырып бойынша
Аю көлікке мініп, ұйықтап қалды – күлкілі видео
Жан-жануарлардың 2017 жылғы ең күлкілі суреттері
Тікелей эфирде студияға кіріп келген бала жүргізушілерді әбден састырды – видео
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
"Өзің оңбаған!". Шенеуніктер тікелей эфирде төбелесті
Тележүргізуші тікелей эфирде құсып жіберді – видео
Техаста су тасқыны кезінде тілші тікелей эфирде ер адамды құтқарып қалды
Загрузка...