Әлем

Диетологтар жиі тұтынылатын тағамдардың ең зияндысын атады

© Sputnik / Виталий ТимкивАсхана
Асхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар арзан азық-түліктерді сатып алмауға кеңес берді

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Диетологтар сосисканы, жартылай фабрикат тағамдар мен консервіні ең зиянды азық-түліктер тізіміне енгізді.

MedDaily хабарлағандай, өңделген ет өнімдерінен жасалған сосиска мен шұжық зиянды тағамдар тізімінде бірінші орынды иеленді. Сарапшылардың айтуынша, олардың бағасы неғұрлым арзан болған сайын, оның құрамындағы ет соғұрлым аз және улы канцерогендер көп болады.

Жүзім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты

Бұл рейтингте екінші орынға фосфаттар мен транс майларға бай арзан жартылай фабрикаттар орналасқан. Сондықтан, диетологтар арзан ірімшіктерді сатып алмауға кеңес береді, себебі олар көп жағдайда денсаулыққа зиянды маргариннен жасалады екен. 

Үшінші орынға мамандар консервіні қойды. Диетологтардың пікірінше, азық-түліктің бағасы маңызды рөл атқарады, себебі арзан балық консервісінде банканың тотығуына байланысты көптеген ауыр металл пайда болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Оксфорд университетінің ғалымдары шоққа пісірілген тамақты көп жеу жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді арттыратынын анықтаған болатын.  

Зерттеуге 30-79 жас аралығындағы Қытайдың 341 730 тұрғыны қатысты.  

Жалпы алғанда, зерттеуге қатысушылардың 22,5 пайызға жуығы соңғы 30 жылда тамақ пісіру үшін қатты отын пайдаланған. 24,6 пайызы 10-29 жыл, ал 53 пайызы 10 жылдан аз уақыт немесе ешқашан отқа тамақ пісірмеген. 

Зерттеу жүргізілген уақытта жүрек-қан тамырлары ауруларынан 8304 адам қайтыс болды. 

Ғалымдардың айтуынша, тамақты электр немесе газ плитасына пісіру жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді. 


Жаңалықтар
0