Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам өлді видео

157
(Жаңартылды 10:29 23.10.2018)
Индонезияда жер сілкінісі мен цунами мемлекетке 900 миллион доллар көлемінде шығын әкелгені белгілі болды

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою ұлттық агенттігі Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами мемлекетті 13,8 триллион индонезиялық рупий (шамамен 911 миллион доллар) көлемінде шығынға батырғанын хабарлады. Сондай-ақ, осы жер сілкінісінен көз жұмғандардың нақты саны айтылды. Бұл туралы басылымы жазды.

Аталған басылым мәліметінше, соңғы есеп бойынша жер сілкінісі мен цунамиден қаза болғандардың саны 2 256 адамға жетіп отыр. Мұнымен қатар, 4 612 адам әртүрлі жарақат алып, 68,5 мың үй қиратылған.

Ұлттық агенттіктің ресми өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, цунами мен жер сілкінісі салдарынан бәрінен бұрын тұрғын үй секторы жапа шекті. Палу шығанағы маңындағы барлық ғимарат қиратылған. Сондай-ақ, өкіл бұл шығынның әрі қарай да өсе беретінін айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 28 қыркүйек күні Индонезияда магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісі болып, екі қала мен бірнеше ауылды аймаққа зақым келген. Палуда мыңдаған адам үй қиратындыларының астында қалды. Осы алапат апаттан кейін қираған қалаларға кіруге тыйым салынды.

 

157
Кілт сөздер:
цунами, қаза, келтірілген шығын, апат, жер сілкінісі, Индонезия
Тақырып бойынша
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар
Алматыдағы жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер етеді? - видео
Иран-Ирак шекарасындағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 141 адамға жетті
Алматыға жақын жерде бір тәулік ішінде алты жер сілкінісі болған
Қырымдағы колледжде жарылыс болды, 10 адам қаза тапқан - видео
Танзанияда кеме аударылып, 100-ден астам адам қаза болды
Кеме аударылып, құтқарушылар судан 200-ден астам мәйіт алып шықты
Загрузка...